Заң
Ішкі істер министрлігі пранк түсіретіндерге үндеу жасады
- авторСадуақас Айсұлу
- 26 маусым, 2025
- 838
ІІМ «лайк пен қаралым үшін» орынсыз әзіл-қалжың түсіретіндердің жауапкершілікке тартылатынын ескертті.
Ішкі істер министрлігі әлеуметтік желіде пранк пен қауіпті трюктер арқылы танылғысы келетін азаматтарға үндеу жасады, деп хабарлады Jambylinfo.kz
Жыл басынан бері контент үшін қоғамдық тәртіпті бұзып, тұрғындарға қауіп төндірген 24 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
«Қоғамдық тәртіпті өрескел бұзатын, дүрбелең туғызатын немесе зиян келтіріп, азаматтардың ар-намысын қорлайтын әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделген. Блогерлік пен камераға түсіру құқық бұзуға сылтау болмауы керек. Қатігез пранктер мен қауіпті трюктер өнер емес, бұл - заң бұзушылық», - деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Келесі мақала
Жоғарғы Соттың екі судьясы қызметінен босатылды
Ұқсас жаңалықтар
Заң
"Заңсыз айналым": Биыл елімізде 118 қару мен 15 граната тәркіленген
- авторМағжан Орынбасар
- 31 наурыз, 2026
Заң
«Қаржы пирамидасына қатысы бар»: Күдікті Грузиядан елге жеткізілді
- авторМағжан Орынбасар
- 30 наурыз, 2026






