Жамбылда ЖРВИ-мен ауырған балалар саны 62,5%-дан пайыздан асты
- авторСадуақас Айсұлу
- 4 желтоқсан, 2024
- 402
2024 жылдың қазан айының басынан бастап облыста ЖРВИ-нің 58 421 жағдайы тіркелсе, 14 жасқа дейінгі ауырған балалардың үлесі 62,5%-ды құраған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Неили Муликова айтуынша, тұмау вирусының айналымын анықтау мақсатында ЖРВИ белгілері бар науқастардан 408 материал зерттелді. Нәтижесінде 11 жағдайда тұмау вирусы анықталды, оның ішінде А типі - 8, В типі - 3 жағдай, сонымен қатар 152 басқа респираторлық вирустардың айналымы анықталды: аденовирус, риновирус, RS, парагрипп, бокавирус, метапневновирус бар.
«Жамбыл облысында 1 қазаннан бастап тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде, жергілікті бюджет қаражаты есебінен тәуекел топтарын егуге 123 мың доза, сонымен қатар жұмыс берушілер есебінен 2861 доза тұмауға қарсы вакцина сатып алынды. Бүгінгі күнге 120 мыңнан астам облыс тұрғындары екпе алды, оның ішінде 14 жасқа дейінгі 47 мыңнан астам бала, 4 мың жүкті әйелдер, созылмалы аурулармен ауыратын 50 мыңнан аса тұлға және 13 мың медицина қызметкерлері екпемен қамтылды»,- дейді Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Неили Муликова.