Экономика
Қазақстанда 100, 200 және 500 теңгелік жаңа монеталар пайда болды
- авторjambylinfo.kz
- 11 желтоқсан, 2020
- 273
Қазақстанда 100, 200 және 500 теңгелік жаңа монеталар пайда болды
Қазақстан Ұлттық Банкі «БЕЛКА · СТРЕЛКА» және «SÚNDET TOI» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарып жатыр. Бұл туралы банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Сату күні туралы ақпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми сайтында қосымша жарияланады.
Күмістен номиналы 500 теңгелік, мельхиор қоспасынан номиналы 200 теңгелік және нейзильбер қоспасынан номиналы 100 теңгелік «БЕЛКА · СТРЕЛКА» коллекциялық монеталар «Ғарыш» монеталар сериясын жалғастырады. Монеталар Белка мен Стрелка иттері Қазақстан жеріндегі «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Восток» ғарыш кемесінде ұшқан күннен бастап 60 жыл толуына арналған. Белка мен Стрелка – орбитаға сапар шеккен және Жерге аман оралған кеңестік космонавт иттер.
Монеталардың аверсінде ортасында адамзат пен ғаламшардың бірлігін, өткен күн мен осы күннің байланысын білдіретін композиция бейнеленген. Монеталардың оң жақ бөлігінде монеталардың номиналын білдіретін: танталы бар күміс монетада «500 ТЕҢГЕ», мельхиор қоспасынан жасалған монетада «200 ТЕҢГЕ», нейзильбер қоспасынан жасалған монетада «100 ТЕҢГЕ» деп жазылған. Танталы бар күміс монета номиналының астында – монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін «Ag 925 14,6 g Та 26,8 g» деген жазу бар. Төменгі жағында – Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі (логотипі) бар. Жиегінде мемлекеттік тілде «QAZAQSTAN RESPÝBLIKASY», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деп айналдыра жазылған жазу бар.
Монеталардың реверсінде ортасында – ғарыштық айшықталған капсуладағы Белка мен Стрелканың бейнесі. Жоғары бөлігінде ашық ғарыштың символын білдіретін жұлдыздар шоғырын көруге болады. Жиегінде орыс тілінде «БЕЛКА» мен «СТРЕЛКА», ағылшын тілінде «BELKA» мен «STRELKA» деген жазу, сондай-ақ оқиғаның мерейтойлы датасын білдіретін «1960-2020» деп айналдыра жазылған жазу бар.
Монеталар:
- күміс пен танталдан, массасы 41,4 грамм (сақина – 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 14,6 грамм, диск – массасы 26,8 грамм танталдан), диаметрі 38,61 мм, «proof» сапасымен, номиналы 500 теңгелік, таралымы 2500 дана;
- МН-25 мельхиор қоспасынан, массасы 15 грамм, диаметрі 33 мм, «proof-like» сапасымен, номиналы 200 теңге, таралымы 10 000 дана;
- 15-20 нейзильбер қоспасынан, массасы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, «uncirculated» сапасымен, номиналы 100 теңге, таралымы 100 000 дана.
- 925/1000 сынамалы күмістен, массасы 24 грамм, диаметрі 37 мм, сапасы «proof», номиналы 500 теңге, таралымы 3 500 дана;
- МН 25 мельхиор қоспасынан, салмағы 15 грамм, диаметрі 33 мм, сапасы «brilliant uncirculated», номиналы 100 теңге, таралымы 15 000 дана;
- МНЦ 15-20 нейзильбер қоспасынан, салмағы 11,17 грамм, диаметрі 31 мм, сапасы «uncirculated», номиналы 100 теңге, таралымы 100 000 дана.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз