жексенбі, 7 шілде, 2024 18:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Меркіде шырын шығаратын цех ашылды

Меркіде шырын шығаратын цех ашылды
ашық дереккөзі
Меркіде шырын шығаратын цех ашылды

Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты халыққа арнаған Жолдауында кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керектігін баса айтты. Мемлекет басшысы нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенетінін, мұндай компаниялар ішкі нарыққа қана емес, сыртқы нарыққа да бейімделуге тиіс екенін, олардың экспорттық әлеуетін арттыру үшін қолдауды күшейту қажеттігін тапсырды. Бүгінде Сұрат ауылдық округінде кәсіпкер Қарақат Сатымқұлованың пилоттық жоба аясында жеңілдетілген несие алып, шырын цехын ашуы ауданда шағын бизнеске қолдау көрсетіліп жатқанының нақты көрінісі. Кәсіпкер аталған жоба аясында мемлекеттік қолдау арқылы 15 миллион теңгені 2,5 пайызбен алып, оның бес миллионына 5 сотық жылыжай салған. Жылыжай ісін терең меңгеріп, бау-бақша дақылын өсірудің бабын білген ол маусым бойы табысты өнім алып отырған. Енді Алматы облысында отандық құрылғыларды шығаратын «ПроСнаб» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы шырын цехына қажетті құрылғылары толықтай орнатылып, алғақы өнім шығаруға дайын тұр. Негізінен елімізде қайта өңдеумен айналысатын зауыттар мен цехтар жоқтың қасы. Сондықтан да алнған өнімді өңдемей, нарыққа шығару онша пайда келтірмейтіні белгілі. Ал кәсіпкердің шырын шығарытын цех ашуы меркіліктер үшін үлкен табыс болмақ. Жалпы бұл цехта тек шырын ғана емес, минералды су, ет консервісі өнімдерін шығару мүмкіндігі де қарастырылған. Аудан әкімінің орынбасары Бақытжан Абжапаров биылғы жылы ауданда ауыл шаруашылығында үлкен ілгерілеу болғандығын айтып отыр. айтуынша аудандағы аталған сала облыс көлемінде алдыңғы қатарда келе жатқан көрінеді. Бұл сірә ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсартуға арналған пилоттық жобаның тиімжемісі болса керек. Сұрат ауылында 182 жоба 642,1 миллион теңгеге қаржыландырылды. 5 бағытты қамтитын бұл жоба арқасында тұрғындар мемлекеттік қолдаудың ие болып, аталған ауылдықтардың хал-ахуалы жақсара бастады. Соның ішінде жеке кәсіпкер, Қарақат Сатымқұлова жасы егде тартқан ана болса да істің көзін таба білетінін дәлелдеп отыр. Ол өз 9,5 гектар жылыжайына қияр егіп, І- кезеңде 6,9 тонна өнім алды. Негізінен нарықта қиярға деген сұраныс жоғары. Соның арқасында өнімнің әр келісін 120 теңгеден өткеріп, табысқа кенеліп отыр, – дейді Б.Абжапаров. Қазірде жылыжайда өсіп тұрған қияры пісуге жақын қалыпты. Кәсіпкер бірер күнде өнімді жинап, консервілеу ісіне кіріспекші. Шырын өңдеу цехы енді облыс нарығына томат пастасын, томат шырынын шығаратын болады. Ол шикізатты ауыл тұрғындарының үй маңындағы егістік жерлеріне екке қызанақ және басқа да дақылдарды сатып алу арқылы шешпек. Яғни, қарапайым заттар экономикасы арқылы үй іргесінде егілген көкөніс- жемістерді, оның қайта өңделген өнімін тұрғындар делдалсыз тұтынуға мүкіндік жасалған. Жалпы «ПроСнаб» ЖШС өкілі Мұхитдин Кутербаев цехтың құрылғыларын орнатып беріп қана қоймай, алғашқы өнімді де шығарып, тәжірибелік түрде цех жұмысшыларын жұмыс тәртібін, істің қалай атқарылатынын үйреткен.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар