Қазақстанда 7 пайыздық жаңа ипотекалық бағдарлама қашан басталатыны белгілі болды
- авторjambylinfo.kz
- 2 сәуір, 2024
- 703
Президент Ұлттық құрылтайда тапсырған жаңа тұрғын үй бағдарламасы 1 мамырда іске қосылады. Бұл туралы өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Оның айтуынша, осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін қазір «Отбасы банк» 300 миллиард теңге тартып жатыр.
«Бұл бағдарламаның жалпы сомасы. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін ставка 7%-дан аспайды. Бірінші мамыр күні біз бағдарламаның барлық шартын толығымен жариялаймыз. Бағдарлама 1 мамырда басталады», - деді Шарлапаев үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Министр «Отбасы банк» бұрыннан жұмыс істеп келе жатқанын және ипотеканы бөлу тұрғысынан өзін жақсы көрсете білгенін атап өтті. Сол себепті жеңілдетілген автокредитке 18 секунд ішінде өтінім қабылдау сияқты оқиға бұл бағдарламамен қайталанбайды деп сендірді шенеунік.
Бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өткен ұлттық құрылтайда өңір тұрғындары үшін жаңа бағдарлама әзірлеуді тапсырды.
"Ауыл және аудан орталығының тұрғындарына арналған жаңа тұрғын үй бағдарламасын қолға алу керек. Бұл ретте әлеуметтік тұрғыда осал топтағы жандар үшін несие өсімі 7 пайыздан аспауы қажет», - деген еді президент.
Сондай-ақ Тоқаев үкіметке сатып алу құқығымен жалға берілетін баспана санын бірнеше есе көбейтуді тапсырды.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024