Жамбыл облысы спорт басқармасының басшысы қызметінен кетті
- авторДиана Орынбасар
- 2 сәуір, 2024
- 1.3k
Жамбыл облысы әкімдігінің спорт басқармасын екі жылдай уақыт басқарған Арман Ташметов қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
“Құрметті жамбылдықтар, спорт саласының майталмандары, әріптестер, спортшылар мен жаттықтырушылар! Өмір бір орында тұрмайды, әрқашан алға ұмтылу қажет. Бір орында тұрсаң артқа сырғисың демекші меніңде Жамбыл облысының спорт саласындағы қызметім өз мәресіне келіп жетті. Осы уақытқа дейінгі атқарылған еңбек мен үшін үлкен тәжірибе. Құрметті әріптестер өздеріңізбен бірге спорт саласын дамыту мақсатында бірқатар жобаларды жүзеге асырып, оң көрсеткіштерге қол жеткізе алдық. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта қарқынды түрде жалғасады деп сенемін. Сіздермен жұмыс атқару мен үшін үлкен мәртебе. Барлықтарыңызға алғысым шексіз!”- деп жазба қалдырды Арман Ташметов.
Айта кетейік, Арман Ташметов бұл қызметке 2022 жылдың 3 қарашасында тағайындалған.
Ұқсас жаңалықтар
Футбол федерациясының жаңа президенті болып Марат Омаров сайланды
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024
Президент гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024