жексенбі, 1 маусым, 2025 15:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстанда жылына 500 мың тонна қант өндіретін жаңа зауыт салынады

Қазақстанда жылына 500 мың тонна қант өндіретін жаңа зауыт салынады
Aqorda
Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді

Астанада өткен «Қазақстан – БАӘ» бизнес-форумында ауыл шаруашылығы саласына қатысты ірі инвестициялық жоба жария етілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Qazaq Arab Sugar» ЖШС арасында елімізде қант зауытын салу туралы келісімге қол қойылды.

Құны 580 миллион АҚШ долларын құрайтын бұл жоба жылына 500 мың тоннаға дейін қант өндіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зауыт іске қосылғанда 800 жаңа жұмыс орны ашылады.

Бұл бастама Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Абу-Дабидің тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянның қатысуымен өткен форум аясында жүзеге асып отыр. Форум барысында екі елдің энергетика, логистика, қаржы, ауыл шаруашылығы және технология салаларындағы ынтымақтастығын тереңдетуге бағытталған 9 келісімге қол қойылып, жалпы құны 5 млрд АҚШ долларын құрайтын жобалар талқыланды.

 

 

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар