жексенбі, 1 маусым, 2025 0:46

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандықтар мемлекеттен 1,5 миллион теңге ала алады

Қазақстандықтар мемлекеттен 1,5 миллион теңге ала алады
Pixabay.com
21 мамырдан бастап елімізде жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыру үшін қайтарымсыз гранттарға өтінім қабылдау басталады.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бірінші кезеңде 4500 адамға 400 АЕК көлемінде (1 572 800 теңге) грант беріледі. Бұл мүмкіндік тек бір рет беріледі және ол жаңа ісін бастаған кәсіпкерлерге арналған.

Грант кәсіпті бастауға, өндірісті жолға қоюға және тұрақты табысқа жетуге көмектеседі.

Өтінім беру тәртібі:

1. Порталда тіркелу;

2. Шарттарға сәйкестікті тексеру;

3. Бизнес-жоспарды толтырып, порталға жүктеу;

4. Өтініш формасын толтырып, ЭЦҚ арқылы қол қою.

Интернет пен компьютерге қолжетімділік болмаса, мансап орталықтары мен ХҚКО-дағы өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары арқылы өтініш беруге болады.

 

Бақытжан Бекболат
Автор

Бақытжан Бекболат

Бақытжан Бекболат

Ұқсас жаңалықтар