сенбі, 16 қараша, 2024 23:05

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Қазақстандықтар 40 жастан бастап зейнетке шығуы мүмкін

Қазақстандықтар 40 жастан бастап зейнетке шығуы мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстандықтар 40 жастан бастап зейнетке шығуы мүмкін

Қаржы ұйымдары қауымдастығының өкілдері сенаторлармен кездесуде 40 жасынан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасасуға рұқсат беру қажеттігін айтты.

Сенат депутаттары БЖЗҚ мен мемлекеттік органдардың өкілдерімен жиналыс өткізіп, салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін пайдалану және оларды өзін-өзі басқару, сондай-ақ БЖЗҚ қаражатының сақталуын қамтамасыз ету тетіктерін қарастырды.

Кездесуде қауымдастық өкілдері "жеткіліктілік шегі" мөлшерінің алдын-ала есебі бойынша БЖЗҚ-да есепшотында 5 млн 586 мыңы бар 59 және одан жоғары жастағы азамат зейнетақы жинақтарын көрсетілген мөлшерден асыра ала алатындығын айтты. Болашақта салымшы бюджеттен төленетін базалық зейнетақы төлемімен бірге ең төменгі зейнетақыны ала алады деп болжануда.

"Қолданыстағы заңнамаға сәйкес 59 жастағы ерлерге арналған зейнетақы аннуитетінің құны 10 миллион теңгені, әйелдер үшін 12 миллион теңгені құрайды. Салымшыларға арналған зейнетақы аннуитеттерінің құнын төмендету үшін зейнетақы аннуитеті шарты бойынша төлемдер мөлшері де мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшерінен кем болмауы керек.

Сонымен қатар, салымшыға өз жинақтарын пайдаланудың әртүрлі тетіктері арасында тең таңдау жасау үшін, заңнамаға 40 жастан бастап зейнетақы аннуитеті шартын жасауға мүмкіндік беру үшін түзетулер енгізу қажет. Ал егер сақтандыру ұйымынан төленетін төлемдер өмір бойына кірісті қамтамасыз етсе, салымшы зейнеткерлік жасқа толған кезде БЖЗҚ-да қалған жинақ ақшасын алып, оны өз қалауы бойынша пайдалануға құқылы болуы керек", деді АФО өкілдері ұсынысында.

egemen.kz

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар