Экономика

Қазақтың шапанын киіп, халыққа Ант берген шетелдік судья кім

Бүгін Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Астана халықаралық қаржы орталығы Сотының жаңадан тағайындалған төрағасы лорд Ян Бернеттің ресми ант беру рәсімі өтті, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Қазақстандағы экономикалық дауларды шешетін соттың төрағасы Ант беру рәсіміне біздің ұлттық киіміміз – оюлы шапан киіп келген.  Ресми жиында сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев бұл институттың коммерциялық дауларды шешуде елеулі қызмет атқаратынын атап өтті. 

Ақорданың хабарлауынша, президент Соттың бұрынғы төрағасы лорд Джонатан Мансқа ризашылығын білдірген. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін біз Тараздағы қаржы ұйымдарының бірі қазақтың ұлттық киімі - шапанды "мазақ қылғанын" жазған болатынбыз.