жұма, 17 мамыр, 2024 11:15

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыныз

Байланыс

«Қазақ ұлтын қорлау». Тараздықтардың ашуына тиген «бұқаның» орнына батырдың суреті ілінді

«Қазақ ұлтын қорлау». Тараздықтардың ашуына тиген «бұқаның» орнына батырдың суреті ілінді
Банк жарнамасы мен батыр Рахымжан Қошқарбаевтың суреті. Коллаж авторы Ернар Балғабай
Тараздағы Төле би көшесінің бойында тұрған үлкен баннердегі банк жарнамасы қала азаматтарының ашуына тиіп, әлеуметтік желідегі сыннан кейін Freedom Broker суретті ауыстырды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Банк өзінің жарнамалық баннерінде бұқаның суретін пайдаланып, оған қазақтың ұлттық киімі – шапан кигізіп қойған. Алайда, қала азаматтары бұған қатты ашуланып, әлеуметтік желі арқылы наразылық танытты. «Бұл киімді емес, ұлтты қорлау, ұлтты сыйламау» деп жазды желі қолданушылары.

Баннер Төле би көшесінің бойында, Aray Plaza бизнес орталығының жанында тұр. Кейін анықтағанымыздай, жарнама иесі Freedom Broker мекемесінің Жамбыл облыстық филиалы осы ғимаратта жұмыс істейді екен.

Біз мекеменің басшылығына қоңырау шалып, қазақтың ұлттық киімін осындай жарнамаға пайдалану туралы идея кімдікі екенін білгіміз келді. Тілшіміздің сұрақтарынан қашқақтаған адам банктің Жамбыл облыстық бөлімінің мамандары қайтадан қоңырау шалып, мән-жайды түсіндіреді деп уәде еткен еді. Алайда, бізге сол қалпы ешкім қоңырау шалған жоқ.

Сондықтан, тілшіміз баннер ілініп тұрған жерге барды. Таң қаларлығы, желідегі сын мен біздің қоңырауымыздан кейін баннердегі сурет аяқ асты өзгеріп кеткен. Қазір ол жерде даңқты батыр Рахымжан Қошқарбаевтың суреті ілініп тұр.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар