дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 18:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Биыл еліміз бойынша әлеуметтік төлемдер өсіп, зейнетақы 7 пайызға артты

Биыл еліміз бойынша әлеуметтік төлемдер өсіп, зейнетақы 7 пайызға артты
ашық дереккөзі
Биыл еліміз бойынша әлеуметтік төлемдер өсіп, зейнетақы 7 пайызға артты

Биылдан бастап еліміз бойынша әлеуметтік төлемдер өсті. Мәселен күнкөріс деңгейі 34 302, айлық есептік көрсеткіш 2 917, ең төменгі жалақы 42 500 теңге болып белгіленді. Ал, толық еңбек өтілі үшін зейнетақының ең төменгі мөлшері 43 272 теңге болса, базалық зейнетақы төлемі ең төменгі мөлшері 18 524 теңгені құрап отыр. Бұл туралы бүгін ӨКҚ алаңында Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Мұрат Зейнебеков айтты. Тиісті нормалар президент қол қойған 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңда жазылған.

Спикердің сөзінше, биыл зейнетақы 7%-ға өсіп отыр. Ал, зейнетақы төлемдерін есептеу үшін ең жоғарғы табыс 46 еселенген айлық есептік көрсеткішті құрауы тиіс. Бұл дегеніміз 2 917 АЕК мөлшерін 46-ға көбейтесіз деген сөз. Яғни содан шыққан сан – ол зейнеткердің ең жоғарғы табысы - 134 182 теңгеден аспауы тиіс.

Ал, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты арттырылады. Бұл сондай-ақ мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға, қамқоршыларға мемлекеттік жәрдемақының, бала кезінен 1-топтағы мүгедектерге қарайтын адамдарға да қатысты. Ал, өзге мемлекеттік жәрдемақылар АЕК мөлшерінің ұлғаюына байланысты артқан. Бұл санатқа бала тууға байланысты және бала бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне байланысты мемлекеттік жәрдемақы алушылар мен «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері т.б. жатады. Сонымен қатар жұмыстағы өндірістік жарақаттар яғни қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу бойынша төленетін төлемдер 5 пайызға өсіп отыр.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар