дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 23:30

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

500 теңге төле де сырғанай бер

500 теңге төле де сырғанай бер
ашық дереккөзі
500 теңге төле де сырғанай бер
Облыстағы ең алғашқы ауылдық мұз айдыны Меркі ауданы Жамбыл ауылдық округіне қарасты Жеміс-жидек ауылында ашылды,деп хабарлайды http://Jambylinfo.kz Ұзындығы 30, ені 15 метрді құрайтын нысан балалардың сырғанақ теуіп, бір мезгіл дене шынықтырумен айналысуына тамаша сыйлады. Тың идеяны жас кәсіпкер Ержан Қырғабақов жүзеге асырды.Кәсіпкер «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жобасын ұсынып, олардың қаржыландыруының арқасында көптен бері ойында жүрген жоспарын орындады. Нысанның құрылысы мен құрал-жабдығын сатып алуға ол 10,5 миллион теңге жұмсапты. Мұз айдыны аудандағы бұқаралық спортты дамытуға да өз септігін тигізері анық. Оның ашылуына қатысқан аудан әкімі Мейірхан Өмірбек жас кәсіпкерге аудан тұрғындары атынан алғысын білдірді. Ержан бұған дейін аудан орталығынан «Нұрдаулет» отбасылық шомылу бассейінін ашқан еді. Оның жұмысы жаз айларында қызғанымен, қыста кідіріп қалады. Қыс бойы да кәсібін дөңгелентуді ойлаған  кәсіпкер осы мұз айдынын салған екен. — Бұрын саудамен айналысқаным бар. Сол кезде қандай кәсіп ашқан тиімді деп ойланып жүретінмін. Ойға алған ісімді жүзеге асыру үшін ауданнан жер алып, бассейн салдым. Бұдан кейін неге мұз айдынын салмасқа деген ой келді. Жобамды  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына ұсындым. Олар жобамды қаржыландырғаннан соң осы мұз айдыны кешенін тұрғыздым. Қажетті құрал-жабдықтарды Алматы қаласынан тапсырыспен алдырдым, — дейді жас кәсіпкер. Бүгінгі таңда кәсіпкер мұз айдыны арқылы төрт адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Бұл әрине ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтудың тиімді жолы. Жалпы, сырғанақ тебуге арналған конкидің 35 парын әкеліп қойған. Балалар мен үлкендерге арналған конькидің барлық мөлшері бар.  Мұз айдынына келушілер 500 теңге төлеп бір сағат сырғанақ тебе алады. Ержанның ендігі жоспары жабық мұз айдынының қасындағы 50 сотық жерге ашық аспан астындағы мұз айдынын және жабық бассейн салуды көздеп отыр.Сондай-ақ, мұз айдынын жыл он екі ай жұмыс істетпек. Алдағы уақытта нысан ғимаратын заманауи тұрғыда жетілдіруге ниеттеніп отыр. Бүгінгі таңда кәсіпкер мұз айдыны арқылы төрт адамды тұрақты жұмыспен қамтыған. Нұрдаулет АСАН
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар