Бюджетке 5 трлн теңгеден аса салық түсті
Биылғы қаңтар-тамыз айларында мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 91,4%-ға орындалса, оның ішінде республикалық бюджет 80,9%-ға және жергілікті бюджет 116,4%-ға орындалды.
Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке түскен салық түсімдері өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 11,1%-ға (немесе 646,7 млрд теңгеге) төмендеумен 5 трлн 158,3 млрд теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша 24,4%-ға (немесе 1 037,6 млрд теңгеге) төмендеді, жергілікті бюджет бойынша 25,1%-ға (немесе 390,9 млрд теңгеге) өсті.
Республикалық салықтар бөлігінде орындалмау КТС (25,0%-ға), ІТӨ-ге ҚҚС (26,4%-ға), үшінші елдерден импортқа ҚҚС (34,3%-ға) және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС (23,1%-ға) бойынша байқалады.
Көрсетілген салықтар бойынша түсімдер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда КТС (31,9%-ға), ІТӨ-ге ҚҚС (15,7%-ға) және үшінші елдерден импортқа ҚҚС (6,7%-ға) төмендеді.
Төмендеудің себебі сыртқы және ішкі факторларға байланысты экономикалық ахуалдың нашарлауы екені белгілі.
2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға – 36,5%, мырышқа – 18,3%, алюминийге – 10,9%, қорғасынға – 9,3%, мысқа 5,9% көлемінде бағаның төмендеуі байқалады.
2020 жылғы 8 айда үшінші елдермен тауар айналымы 11,9%-ға төмендеді (экспорт 15,4%-ға, импорт 4,5%-ға). Оның ішінде тауар айналымының 20,7%-ға төмендеуі биылғы тамызға келеді (экспорт 34,9%-ға азайды, импорт 3,7%-ға өсті).
2020 жылғы 8 айда іске асыру бойынша айналымдар 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға төмендеді (60 066,4 млрд теңгеден 53 120,3 млрд теңгеге дейін).
Көрсетілген кезеңде бір салық төлеушіге онлайн БКМ орташа түсімі 32,5%-ға төмендеді (29,5 млн теңгеден 19,9 млн теңгеге дейін).
Коронавирустың таралуы Қытаймен қатынаста көлік құралдары санының 12,9%-ға, оның ішінде автокөлік құралдарының 51,5%-ға төмендеуіне әкелді. Биылғы қаңтар-тамыз айларында импорттың іс жүзіндегі көлемі 27,2%-ға төмендеді (1 437 мың тоннадан 1 046 мың тоннаға дейін).
Соның салдарынан, ҚХР-дан тауарлар импортынан кедендік баждар мен салықтардың түсімі 10,3%-ға немесе 24,3 млрд теңгеге азайды.
2020 жылғы қаңтар-тамызда ЕАЭО елдерінен бөлінген баждар 14,6%-ға (212 млрд теңгеден 181 млрд теңгеге дейін), оның ішінде биыл тамызда 8,6%-ға төмендеді.
Биылғы 8 айда жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар 275 млрд теңгеге артық орындау арқылы 116,4% орындалды.
Жергілікті бюджетке салық түсімдері 1 946,3 млрд теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 25,1%-ға (немесе 390,9 млрд теңгеге) өсті. Жергілікті бюджет жоспарының артығымен орындалуына корпоративті табыс салығының жергілікті бюджетке берілуі әсер етті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Kia Motors конвейерлерін тоқтатты
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024