сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 21:59

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Kia Motors конвейерлерін тоқтатты

Kia Motors конвейерлерін тоқтатты
ашық дереккөзі
Kia Motors конвейерлерін тоқтатты
SARS-CoV-2 Оңтүстік Коряның Kia Motors зауыты екі конвейерінің жұмысын уақытша тоқтатты.
Сеулдің оңтүстігінде орналасқан Кванмён қаласындағы зауытта 8 жұмысшы вирус жұқтырған. Осыған байланысты Kia Motors  жұмысты уақытша тоқтата тұруға шешім қабылдапты. Осылайша 6 мың адам еңбек ететін 2 құрастыру конвейеріндегі барлық жұмысшылар үйлеріне қайтарылып, зауытта зарарсыздандыруды бастаған компания басшылығы жұмыстың қайта жандануы карантинді белгілейтін органдармен кеңесіп барып шешілетінін жеткізген. Онсыз да пандемия қырсығынан соңғы 11 жылдың ішіндегі ең аз көлік шығаруынан қолайсыздық сезініп отырған Kia Motors  үшін бұл жайттың оңайға соқтайтыны түсінікті. Айта кету керек, соңғы тәулікте Оңтүстік Кореяда 153 адам жаңадан вирус жұқтырып, оның 145-і ел ішінде, ал қалғаны сырттан, шетелден келген ауру екені анықталған.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар