сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 10:40

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

"Ноул" тропикалық дауылы Таиландқа 18 қыркүйекте жетеді

"Ноул" тропикалық дауылы Таиландқа 18 қыркүйекте жетеді
ашық дереккөзі
"Ноул" тропикалық дауылы Таиландқа 18 қыркүйекте жетеді
Дауыл батысқа қарай шамамен 20 км/сағ жылдамдықпен қозғалуда.
Оңтүстік Қытай теңізінде пайда болған "Ноул" тропикалық дауылы осы жұмада Таиландтың солтүстік-шығысына жетіп, ірі тайфунға айналуы мүмкін. "Жойқын дауыл батысқа қарай шамамен 20 км/сағ жылдамдықпен қозғалуда. Ол тайфунға айналып, Вьетнамның орталық бөлігіне жетеді деген болжамдар бар. Сөйтіп дауыл Таиландтың солтүстік-шығысына қарай 18 бен 20 қыркүйек аралығында ауысады", делінген хабарламада. Метеорологиялық басқарманың айтуынша, қатты желмен аралас нөсер жаңбыр жауады. Әсіресе бұл жағдай патшалықтың солтүстік-шығысында орналасқан тұрғындар үшін аса қауіпті екенін жеткізді. Сонымен қатар порттағы кемелердің алыс жолға шықпауларын ескертеді.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар