сенбі, 5 қазан, 2024 21:16

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Өзбекстанда ұстаздар жаппай вирус жұқтырып, мектептер жабылды

Өзбекстанда ұстаздар жаппай вирус жұқтырып, мектептер жабылды
ашық дереккөзі
Өзбекстанда ұстаздар жаппай вирус жұқтырып, мектептер жабылды
Өзбекстанда мұғалімдердің жаппай қауіпті індетті жұқтыру салдарынан орта білім ошақтары қайта жабылды.
Өзбек ағайындарда апта басында жаңа оқу жылы басталған еді. Алайда Ташкентте екі мектеп жабылды. Себебі мектептердің жұмысы басталмай тұрып, әр өңірдегі ұстаздар коронавирус инфекциясына тест сынамасын тапсырды. Бірақ нәтиже қуантарлық емес. Сынаманың қорытындысы бойынша Самарқандта – 250, Бұқарада – 200 және Әндіжанда 50-ге тарта мұғалім індетті жұқтырып үлгерген. Осының салдарынан мектептер қашықтан оқу форматына өтті. Айта кетейік, 6 млн шәкірттің жартысынан жуығы қашықтан оқуды құп көрген. Сонымен бірге пандемия басталғалы Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 49 мыңнан асып, оның 407-сі көз жұмды.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар