
Ақша айырбастау орындарында доллар 498,7-501,3 теңге, еуро 536-542 теңге, рубль 5,79-5,95 теңге аралығында сатылуда
Сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы тағы 3,31 теңгеге төмендеп, 498,25 теңге болды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ақша айырбастау орындарында доллар 498,7-501,3 теңге, еуро 536-542 теңге, рубль 5,79-5,95 теңге аралығында сатылуда.
27 наурыздағы сауда барысында мұнайдың әлемдік бағасы төмендеді. Осылайша, ICE Futures электрондық саудасында маусымдық Brent фьючерстерінің құны 0,27%-ға, барреліне $72,86 дейін төмендеді.
NYMEX электрондық саудасында WTI мұнайының мамырдағы фьючерстері 0,29%-ға арзандап, барреліне 69,45 долларды құрады.
Ұлттық банк таңертең доллар бағамын 501,81 теңге, еуроны 541,5 теңге, рубльді 5,96 теңге деп белгіледі.