сейсенбі, 1 сәуір, 2025 18:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ аукционда сатылды

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақ аукционда сатылды
Фото: e-auction.e-qazyna.kz
Аукционда сатушы ретінде "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қатысқан.

АН-26 техникалық ұшағының сынығы аукционда сатылды, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz  tengrinews.kz сілтеме жасап.

e-qazyna.kz сайты мәліметінше, бастапқы бағасы 1 351 494,75 теңге. Аукционға қатысу үшін 810 897 теңге кепілдік жарна төлеу қажет болған.

Сауда қорытындысы бойынша, сатып алушы ұшақ сынығын 1 416 200 теңгеге алған. АН-26 ұшағының сынығын сатып алушының аты-жөні белгісіз.

Аукционда сатушы ретінде "Қазарнаулыэкспорт" республикалық мемлекеттік кәсіпорны қатысқан. Ал нысанның баланс иесі "ҰҚК Авиациялық қызметінің" Авиация басқармасы болған.

Сатып алушы барлық шығынды өзі көтеруі тиіс, оның ішінде тиеу, өлшеу, сұрыптау, кесу және металл сынықтарын шығару шығындары бар. Шығару мерзімі – сатушы рұқсат берген сәттен бастап 30 жұмыс күні.

Фото e-qazyna.kz

Ұшақ сынығы Алматы облысы, Боралдай ауылында тұр. Құжаттарға сәйкес, сатылған ұшақ 1978 жылы шығарылған, оның салмағы – 14,6 тонна.

Еске салсақ, 2021 жылғы 13 наурызда Алматы әуежайының маңында ҰҚК Авиациялық қызметінің АН-26 әскери ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Бортта алты адам болған. Апат салдарынан төрт әскери қызметкер – Досжан Баймұратов, Евгений Васильков, Мұхтар Сағынбаев және Ғабит Барлықбаев қаза тапты.

Садуақас Айсұлу
Автор

Садуақас Айсұлу

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар