Экономика министрі ай сайын 100 мың теңге "коммуналка" төлейтінін айтты
- авторjambylinfo.kz
- 5 наурыз, 2024
- 640
Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ай сайынғы табысының қанша теңгесін коммуналдық қызметтердің ақысын төлеуге жұмсайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Үкіметте өткен брифингте журналистер ақпан айында коммуналдық қызметтер тарифі өсіп кеткенін айтып, министрден ай сайын қанша ақша төлейтінін сұрады.
"Мен нақты айта алмаймын, білуімше, 100 мың теңгенің айналасында", - деп қысқа қайырды Байбазаров.
Оның айтуынша, коммуналдық қызметтер саласындағы инфрақұрылымды жаңартуға құйылып жатқан инвестиция мен тарифті көтеру қаншалықты негізді екені тексеріледі.
"Біз тәуелсіз аудит арқылы жылу болсын, электр энергиясы болсын, бұл инвестициялар жаңартуға қаншалықты қажет екенін тексергіміз келеді. Екіншіден, тарифтер қазіргідей бірден көтерілмеу үшін тарифтік саясатты өзгертуді көздеп отырмыз. Тариф негізделген түрде және бірқалыпты өсуі керек", - деді ведомство басшысы.
Ол өкілетті органдарға тиісті тапсырмалар берілгенін атап өтті.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024