Қызылордада қарақшылардан қашқан ер адам 5-қабаттан секіріп кеткен – ІІМ
- авторДиана Орынбасар
- 5 наурыз, 2024
- 858

Polisia.kz порталының хабарлауынша, жәбірленушілердің біреуі әлгі алты жігіттен қашамын деп, бесінші қабаттан секіріп кеткен.
«Ер адам аман қалды, бірақ денесінде сау жері қалмады. Күдіктілер екінші жәбірленушіні көлікке отырғызып, ізін суытпақ болды. Бірақ "Астана – Павлодар" автожолында ұсталды. Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша іс қозғалды» -деді департамент бастығы – ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Ал Оралда полиция қызметкерлері колледж студенттерінен құралған қылмыстық топты ұстады. Олар бопсалау, тонау және алаяқтықпен айналысты. Аталған факті бойынша сегіз қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілердің басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.
Полиция қылмыстық топтардан зардап шеккен адамдарды дереу хабар беруге шақырып отыр. Ақпараттың құпиялылығына және адамның қауіпсіздігіне кепілдік беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Тоқаев сотталғандарға рақымшылық жасау туралы заңға қол қойды
- авторБақытжан Бекболат
- 23 маусым, 2025
Министрлік: мал шаруашылығына жеңілдетілген несие беріледі
- авторБақытжан Бекболат
- 23 маусым, 2025