Елімізде бидай қымбаттап, нанның бағасы 105-110 теңге болуы мүмкін
- авторjambylinfo.kz
- 23 қыркүйек, 2020
- 259
Елімізде бидайдың бағасы қымбаттады. Астық ору науқанын аяқтауға жақын қалған диқандар жинаған өнімдерін қымбатқа сатуға мәжбүрміз дейді. Оған пандемия тікелей әсер етіпті. Бұл жағдай енді ұн өнімдерінің құнына тікелей әсер ететіні сөзсіз. Нан бағасы алдағы уақытта 100 теңгеге жетуі мүмкін деп болжайды мамандар.
Бірақ Ауыл шарушылығы министрі ас атасының бағасын көтеруге еш негіз жоқ екенін хабарлайды.
Астық ору науқанын аяқтаған диқандар қажырлы еңбектің жемісін көреміз бе деп алақанын ысқылап отыр. Алайда шаруалар шығынға батпас үшін бидайдың бағасын көтеріп отыр.
Хали Сарманов, шаруа қожалығының басшысы:
- Бидайдың бағасы неге өсіп жатыр? Себебі, техника, жанар-жағармай, жұмысшылардың айлығы, құрал-сайман қымбаттап жатыр. Қымбат сатуымызға тура келеді.
Алматы облысындағы қай қырманға барсаңыз да тау болып үйілген астық, қайнаған тірлік. Дәнін дер кезінде жинап алған диқандар пандемияда көптеген қиындық-кедергіге тап болған.
Қуаныш Түсіпбаев, агроном:
- Былтыр 70-75 теңгеде ұстап тұрды. Биыл жинағанда 90 теңгеге дейін көтерілді. Ал қазір 100 теңгенің көлемінде сатылуда. Бидай бағасының биыл көтерілу себебі пандемияға байланысты. Шекаралар жабық болып, құрал-сайман да жоқ болды.
Бидай нарығындағы бұл жағдай енді ұн өнімдерінің бағасына тікелей әсер ететіні сөзсіз. Әсіресе халық ең көп тұтынатын нанның бір бөлкесі 100 теңгеге жетуі мүмкін дейді сарапшылар.
Кирилл Павлов, агроөнеркәсіп саласының сарапшысы:
- Нан бағасы 20-25 теңгеге дейін көтеріледі. Астықтың келісі қазір 100 болып тұр. Көп ұзамай бұл баға 105-110 теңгеге жетеді. Диқандарға бұл өте тиімді. Оларды да түсінуге болады. Сондықтан билік бағаны ұстап тұру үшін барын салып, нақты шаралар қабылдауы тиіс.
Ал ауыл шаруашылық министрі азық-түлік бағасының негізсіз көтерілуіне "жол бермейміз" деп отыр. Өйткені әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті екен.
Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі (16 қыркүйек 2020):
- Ауыл шаруашылық далықладрының егіс алаңы 22,7 млн гектарға кеңейтілді. 18 млн. тонна астық дақылдарын жинау жоспарланған. Бұл ішкі нарықты қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті іске асыруға жеткілікті. Өңірлердегі әкімдіктер тұрақтандыру қорларын одан әрі қалыптастыру үшін жұмыс жүргізуі қажет.
"Биыл жиналған астық ішкі сұранысты қамтуға жетеді" - деп сендірді министр. Бірақ сарапшылар бидайдың бағасын алып-сатарлардың өзі шарықтатып жібере ме деп қорқады. Оған қоса, пайда табу үшін наубайханалар да қосымша құн қосуы мүмкін. "Сондықтан құзырлы орган негізсіз баға көтеретіндерді қазірден бастап бақылауға алуы тиіс", - дейді агроөнеркәсіп саласының мамандары.
zakon.kzjambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Елдің несиесі қашан толығымен кешіріледі?
Ұқсас жаңалықтар
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024