сейсенбі, 24 желтоқсан, 2024 19:10

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Мемлекеттік қызметкерлерге қандай да бір сыйлық түрін қабылдауға тыйым салатын заң қабылданды

Мемлекеттік қызметкерлерге қандай да бір сыйлық түрін қабылдауға тыйым салатын заң қабылданды
ашық дереккөзі
Мемлекеттік қызметкерлерге қандай да бір сыйлық түрін қабылдауға тыйым салатын заң қабылданды

Мәжіліс жоғары палата Сенат депутаттарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі түзетулерімен келісті.

Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заң жобасын Парламент Мәжілісі 2020 жылғы 3 маусымда мақұлдаған. Сенат енгізген өзгерістер Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасын өзгертпейді және мазмұнын нашарлатпайды. ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінен түзетулерді алып тастау – осы кодекске жеке заңмен ғана өзгерістер немесе толықтырулар енгізуді талап ететін норманың 2020 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енуіне байланысты. Бас комитеттің отырысында келіп түскен өзгерістер жан-жақты қаралды. Осыған орай Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті Сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады, - деді депутат Жанат Жарасов.
Заң жобасын Сенат 10 қыркүйектегі бірінші оқылымда мақұлдаған. Алайда екінші оқылымнан заң жобасы Мәжіліске қайтарылды. Жалпы, заң 4 кодекске және 10 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу қарастырады. Заң жобасының негізгі міндеті – сыбайлас жемқорлық көріністерінің жүйелі түрде алдын алу жөніндегі қосымша шараларды енгізу. Атап айтқанда: - мемлекеттік қызметшіге құны қандай да болсын сыйлықтар сыйлауға тыйым белгіленеді; - өзіне сыбайлас жемқорлық шектеулерін қабылдайтын адамдардың отбасы мүшелеріне материалдық сыйлықақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтер қабылдауға тыйым енгізіледі. baq.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар