Мемлекеттік бағдарламалар аясында тындырымды тірліктер атқарылып жатқан елді мекендердің бірі – Байзақ ауданындағы Жаңатұрмыс ауылдық округі. Аудан орталығынан 19 шақырым қашықтықта орналасқан бұл округке Көкбастау, Тегістік, Төрегелді, Жібек жолы, Қайнар, Жаңатұрмыс, Ақшолақ енеді.
Округтегі егіс алқабының көлемі – 5123 гектар жерді құраса, оның суармалы – 2320 гектар, тәлімдік жер – 2803 гектар. Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылы егіс көлемі 4985 гектарға, яғни, 27 гектарға артты. Егістік жерді әртараптандыру мақсатында дәндік дақылдар – 1707 гектар, көкөніс пен бақша – 1281 гектар жерге орналастырылды.
Елді мекенде 196 шаруа қожалығы, 16 жеке кәсіпкер тіркелген. Шаруа қожалықтардың дені ірі қара мен ұсақ малды көбейтуді қолға алған. Мәселен, «Бақытжан-16», «Ниет» және «Айдос» шаруа қожалықтары сауын сиырларын алып, сүт өнімдерін «Лесняк» жеке кәсіпкерге және жеке тұлғаларға өткізуде. «Байымбет баба» шаруа қожалығы 3 мың басқа арналған бордақылау алаңын іске қосып, ет өнімдерін дүкендер мен базарларға өткізуде.
Ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін арттыруға заманауи техникалардың маңызы зор. Кейінгі жылдары 21 трактор, 11 комбайн, 31 аспалы жабдықтар алуға қол жеткізілді.
Округте 11 су шаруашылық нысандарының 3-і республикалық, 7-і аудандық «Қазсушар» кәсіпорнының теңгерімінде, ал, 1-і ауылдық округтің теңгерімінде. Шаруа қожалықтар жерінің басым бөлігі «МР-3», «МР-4» және «Сәмбет» каналдарының бойында орналасқан. Сондай-ақ, «Р-31», «Р-39», «Р-41», «Р-43», «Р-45», «6-р-9» және «Выдел боковой» ішкі шаруашылық каналдары бар. Биылғы жылы Еуразиялық даму банкінің қаржыландыруымен республикалық «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорны арқылы қаражат бөлініп «Сәмбет» және «Р-23» каналдарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. Келесі жылы 550 гектар жерге су жеткізу мүмкіндігін арттыру үшін қосымша 9 («МР-3», «МР-4», «Р-31», «Р-39», «Р-41», «Р-43», «Р-45», «6-р-9, «Выдел боковой») каналдарға Еуразиялық даму банкінің қаржыладыруымен республикалық «Қазсушар» мемлекеттік кәсіпорны арқылы 1 млрд. 769.9 млн. теңгеге жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Жалпы 11 канал толығымен жаңғыртудан өткізілетін болады.
Ауыз сумен қамту - күн тәртібінде тұрған мәселе. Жаңатұрмыс ауылына ауыз су құбырын тартуға республикалық бюджеттен 426 млн. 456 мың теңге бөлініп, бүгінгі күнде жұмыстар атқарылуда. Көкбастау ауылында 90 орындық клуб (республикалық бюджеттен 96 млн. 211 мың теңгеге) салынуда.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Жұмыссыздықты шешудің нәтижелі жолы
Ұқсас жаңалықтар
Ақша айырбастау пункттерінде доллар қаншадан саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 2 қараша, 2024