сенбі, 23 қараша, 2024 7:12

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жұмыссыздықты шешудің нәтижелі жолы

Жұмыссыздықты  шешудің нәтижелі жолы
ашық дереккөзі
Жұмыссыздықты шешудің нәтижелі жолы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында атап өткендей, қазіргі кезеңде халықты жұмыспен қамтуға әрі табысын сақтауға басымдық берілуі тиіс. Жұмыссыздық мәселесін шешудің нәтижелі жолы қарастырылған «Еңбек» бағдарламасының негізгі мақсаты мен міндеті - осы.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы» бойынша биыл ауданда 4 397 тұрғынды тарту көзделген болатын. Қазір 4 597 адам қамтылып, жоспар 104,5 пайызға орындалды. Соның ішінде, жұмыс іздеп қайырылғандары саны – 4 516.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша ауданда 29 азаматтың техникалық және кәсіптік білім алуына жағдай жасау, 38 тұрғынды қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға жіберу жоспарланған еді. Қысқа уақыттағы курсқа жолдама алған 38-дің 13-і қазіргі кезде оқуларын аяқтап, жұмысқа орналасты. Ал, сұранысқа ие кәсіпті меңгеруге бел буғандардың 25-і онлайн оқу режімінде гидропоникалық әдіспен «Көкөніс өсірушісі» мамандығын игеруде.

Қазір мал бағып, жер өңдеп, табыс табамын дегендерге мүмкіндік мол. Мемлекет тарапынан қолдау да көрсетіледі. Бұл үшін арнайы жобалар қабылданған. Биылдың өзінде «Еңбек» бағдарламасы аясында ауыл тұрғындарының 853-і осы бағдарламаның игілігін көріп, кәсіптерін ашқан. Оларға мал және өсімдік шаруашылығын дамытуға, сондай-ақ, қызмет көрсету жобаларын қолдау үшін жеңілдетілген несие берілген.

Мемлекеттік бағдарламаның үшінші бағыты - халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамытуға бағытталған. Тұрмыс сапасын жақсартып, табыс табуына жәрдемдесу мақсатында биыл ауданда 210 тұрғынды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу жоспарланған. Іс жүзінде 288 адам тартылды, оның біреуі мүмкіндігі шектеулі азамат. 207 жас маман жастар тәжірибесі бойынша жолдама алса, 906 азамат ақылы қоғамдық жұмыс орындарына тартылды. Жыл басында 1 777 жұмыссызды бос жұмыс орнына тарту көзделсе, қазір 1 820-сы тұрақты табыс табуда. Солардың 45-і мүмкіндігі шектеулі жандар екенін айта кеткен жөн.

«Еңбек» бағдарламасынын бөлек, биыл «Жұмыспен қамтудың жол картасы» жүзеге асырыла бастағаны белгілі. Аталған бағдарлама аясында әлеуметтік-мәдени, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын және инженерлік-көлік инфрақұрылымдарын жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Осыған орай, орталыққа 1053 азаматты жалақысы кемінде 85 мың теңгені құрайтын жұмыс орындарына орналастыру міндеттелген. Қазір жұмыссыздардың 1058-і жұмысқа тартылды. Бүгінгі күнде, жұмыспен қамту орталығы жоспарланған 1058 адамның жұмысқа орналастыру көрсеткішін 100,5 пайызға жетті.

Ауданда аталмыш бағдарлама шеңберінде 2092 жұмыс орынын құратын, 135 жобаны жүзеге асыруға 6 миллиард 268 мың теңге қаражат бөлінген болса, сол қаржының 4 миллиард 822 млн. теңгесі игерілді.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар