жексенбі, 7 шілде, 2024 19:03

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«G-Global» Жамбылда ауқымды жобаларды жүзеге асырмақ

«G-Global» Жамбылда ауқымды жобаларды жүзеге асырмақ
ашық дереккөзі
«G-Global» Жамбылда ауқымды жобаларды жүзеге асырмақ

Таразда Жамбыл облысының әкімдігі мен «G-Global» халықаралық хатшылығы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Тараптар G-Global платформасында тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсім, инвестицияларды тарту, қоршаған ортаны қорғау, жасыл экономика, туризм және экотуризм саласында бірлескен іс-шаралар өткізуге дайын екендіктерін растады.

Жамбыл облысы әкімдігінің атынан меморандумға аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев, «G-Global» хатшылығынан – оның басшысы Серік Нөгербеков қол қойды.

Қонақтар өздерінің екі маңызды жобаларын таныстырды. Олардың біріншісі  – делдалдарды араластырмай, түрлі мақсаттағы тауарларды өндірушіден тұтынушыға тікелей жеткізуді мақсат еткен «Sirius market» экожүйесін тестілік режимге енгізу. Екінші жоба – қазіргі заманғы әдіснаманы қолдана отырып, амбулаториялық жағдайда онкологиялық аурулармен ауыратын науқастарды емдеу.

– Біз өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған жобаларды әрдайым қолдаймыз. Бізге жаңа идеялар мен жаңа технологиялар қажет. Бізде ауқымды инвесторлармен жұмыс тәжірибесі бар. Біз сіздердің ұсыныстарыңызды жүзеге асыруға көмек көрсетуге дайынбыз, – деді Б.Сапарбаев.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар