жұма, 5 шілде, 2024 1:04

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлт саулығы – ең қымбат қазына

Ұлт саулығы – ең қымбат қазына
ашық дереккөзі
Ұлт саулығы – ең қымбат қазына

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Басқосуда басқарма басшысы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының атқарылу жұмыстарымен таныстырып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Әсет Әскерұлының айтуынша, биыл облыста медико-демографиялық көрсеткіштерден оң динамикасын байқауға болады. Нәресте өлімі, туберкулезден болатын өлім-жітім мен аурушаңдық, қатерлі ісіктерден болатын аурушаңдық және қан айналым жүйесі ауруларынан болатын аурушаңдық былтырғы жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендеген.

– Мәселен, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда туберкулезбен аурушаңдық 20,3, өлім-жітім көрсеткіші 25 пайызға төмендеген. Қатерлі ісіктерден болатын аурушаңдық көрсеткіші 10, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім көрсеткіші 12 пайызға өсім көрсетіп отыр, – дейді басқарма басшысы.

Бұдан бөлек, басқосу барысында облыстың бас дәрігері салаға мамандар тарту жайына да тоқталып өтті. Оның айтуынша, биыл облысқа 181 жас маман келіп, оның 106 ауылдық жерге, 75-і қалаларға орналастырылған. Мамандарды тұрақтандыру мақсатында облыстық бюджеттен және республикалық бюджеттен әлеуметтік көмек қарастырылыпты.

– Ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласына келген мамандарға 100 АЕК көтерме жәрдемақы 153 адамға, 1500 ЕАК аспайтын сомада бюджеттік кредит 77 адамға бөлінді. Жергілікті бюджет есебінен 64 маманға 800,0 мың теңге көлемінде ақшалай көтермеақы бөлінді. 2020 жылы келген 13 жас маман тұрғын-жаймен қамтамасыз етілді. Жас мамандарға Жамбыл ауданы Аса ауылында 2, Қызылқайнар, Қарасу ауылдық округтерінде 2 қызметтік пәтер бөлінген және отын сатып алуға 35021,0 мың теңге қаралған, Жуалы ауданында отын сатып алуға көмек көрсету жоспарланған, – деген спикер облыс бойынша ведомстволық ұйымдарды дәрігерлермен қамту өткен жылмен салыстырғанда 6,5 пайызға жоғарылағанын тілген тиек етті.

Айжан Өзбекова
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар