Экономика
Кәсіпкерлер қайта қызметіне кірісу үшін InfoKazakhstan платформасына өтініш бере алады
- авторjambylinfo.kz
- 14 тамыз, 2020
- 330
Кәсіпкерлер қайта қызметіне кірісу үшін InfoKazakhstan платформасына өтініш бере алады
Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры міндетін атқарушы Самат Қосалиев күшейтілген карантин талаптарынан соң кәсіпкерлік нысандардың қайта қызметке кірісу алгоритмі туралы баяндады. Спикер сондай-ақ өңірдегі жұмысы тоқтатылған кәсіп түрлерінде еңбек еткендерге әлеуметтік төлем төлеу жайына да тоқталып өтті.
«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлік қызметті жаңарту жөніндегі алгоритмдерді іске асыру шеңберінде InfoKazakhstan электронды платформасын іске қосты. Платформа қысқа мерзімде 4 қадам арқылы санитарлық нормаларға сәйкестік актісін алуға мүмкіндік береді. Ол үшін әуелі InfoKazakhstan сайтына кіріп, ұйымыңызды электронды цифрлық қолтаңба арқылы тіркеп, кәсібіңізге қойылған талаптармен танысыңыз. Бизнестің жекелеген түрлері жұмысын тексерусіз, хабарлама тәртібінде қайта бастай алады. Содан кейін нысанды талаптарға сай дайындап, жұмыс істеуге дайындығыңызды электронды өтінім беру арқылы растаңыз. Мұнан соң Санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің тексеру жүргізуін күтесіз. Соңғы қадам тексеру жүргізілген соң нәтиже оң болса, онда жеке кабинетте жұмысты қайта бастауға санитарлық нормаларға сәйкестік актісін жүктеп алу қажет. Егер нәтижес теріс болса, онда олқылықтарды реттеп, өтінімді қайта жіберіңіз.
Барлық сұрақтарды бірыңғай байланыс-орталығына 1432 немесе 555-900 қоңырау шалып, қоюға болады.
Кейбір кәсіпкерлік нысандардың карантиннен кейін қызметіне тыйым салынуына байланысты оларда еңбек ететіндерге әлеуметтік төлемдер тағайындау мәселесі де өзекті.
Жалпы өңірде карантин режиміне байланысты қызметін кәсіпорын жұмысының тоқтап қалуына байланысты 3 350 адам ақысыз демалысқа жіберілді, – деді С.Қосалиев.
Облыстық кәсіпкерлер палатасының директорының міндетін атқарушы карантин жағдайындағы кәсіпкерлік қызметіне қатысты өзге де мәселелер бойынша толыққанды ақпараттарымен бөлісті.
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Келесі мақала
Карантин жеңілдегенімен, қауіп әлі сейілген жоқ
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024