дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 4:01

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тараздықтар ауладағы абаттандыру жұмыстарына неге наразы?

Тараздықтар ауладағы абаттандыру жұмыстарына неге наразы?
ашық дереккөзі
Тараздықтар ауладағы абаттандыру жұмыстарына неге наразы?

"Жамбыл – адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің қызметкерлері Тараз қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстарын назарда ұстауда. Осыған орай, облыс орталығындағы "Жансая" (11) мөлтек ауданы №25 және 27 үйлердің ауласында жүргізіліп жатқан жұмыстарға зерделеу жүргізілді, – деп хабарлайды "Jambylinfo" ақпарат агенттігі.

Тараз қаласы әкімдігі тұрғынүй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің тапсырысымен жүзеге асып жатқан жұмысты  мердігер – "Ерк Астана" ЖШС жүргізуде. Қос үйдің ауласын абаттандыруға жалпы сомасы 11,3 миллион  теңге бөлінген.

Жобалық кеңсе өкілдері хабарлағандай, тұрғындар ауладағы жұмыстардың баяу жасалып жатқандығына наразылық танытып отыр екен. Өйткені, әзірге тек бордюрлар ғана ауысқан.

"Тұрғындар тарапынан бірнеше ұсыныстар келіп түсті. Мәселен, олар алаңшаны тегістеу, люктардың қақпағын асфальт деңгейімен бірдей қылып жабу, жұмыс жүргізу барысында тазалық сақтау, жұмыстарды тез әрі сапалы бітіру, жұмыстар біткен соң қоқыстарды шығарып, алаңшаны түгел тазалау секілді жұмыстар істелу керек екенін жеткізді" дейді "Жамбыл – адалдық алаңының" қызметкерлері.

Қазіргі таңда тұрғындардың талап-тілегі мердігер мекеме назарына жеткізілген. "Жамбыл - адалдық алаңы" жобалық кеңсесі талаптардың орындалуын алдағы уақытта бақылауында ұстамақ.

[gallery bgs_gallery_title=" " columns="1" size="full" ids="830,828,827,826,825,824"]
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар