дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 11:14

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде сақтап қалды

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейінде сақтап қалды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. дәлізімен жылдық 14,75% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Инфляция бойынша 5% мақсатқа жету үшін  қатаң ақша-кредит шарттарын сақтау қажет. Қазіргі жағдайда ақша-кредит саясатын жеңілдетуге арналған кеңістік әлі де шектеулі. Жылдық инфляция 2024 жылдың наурыз айында 9,1%-ға дейін баяулап, болжамды траекториядан біршама жоғары қалыптасты. Ұстамды қатаң ақша-кредит саясаты мен астықтың әлемдік бағасының төмендеуі – инфляцияның төмендеуіне септігін тигізді», - деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

 

Енді Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімін мамырда қабылдайды.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар