дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 15:29

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаев Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтына қатысты Үкіметке тапсырма берді

Тоқаев Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтына қатысты Үкіметке тапсырма берді
Сурет: Ақорда
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтына қатысты тапсырма берді, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Тараздағы гидромелиоративтік-құрылыс институтын қайта қалпына келтіру жөнінде шешім қабылдадық. Оқу орнын материалдық-техникалық тұрғыдан толық жабдықтау керек. Сейсмология институтының жағдайы да мәз емес. Үкіметке осы институттың ғылыми әлеуетін арттыруға қатысты нақты ұсыныстар дайындауды тапсырдым. Сондай-ақ сейсмологияны және сейсмикалық режимді бақылау құралдарын дамыту бойынша пайдалы ұсыныстар әзірленуге тиіс”,-деді бүгін Ақордада президент. 

Президенттің айтуынша, Қазақстанға су тасқынының алдын алатын зерттеулер қажет. 

Тағы да қайталап айтқым келеді, мемлекеттік органдар барлық істе, ең алдымен, сапалы ғылыми қорытындыға сүйенуі керек. Бұл – өте маңызды міндет. Шешімдер әбден пысықталып, нақты негізделіп барып, қабылдануға тиіс. Талдау жүргізіп, ахуалды болжау үшін ғалымдардың қолында, зерттеу орталықтарында қажетті құрал-жабдықтар болуға тиіс”,-деді ол. 

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар