сенбі, 23 қараша, 2024 9:23

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Ұлттық банк теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді
ашық дереккөзі
Ұлттық банк теңгенің неге әлсірегенін түсіндірді
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекованың қыркүйек айында валюта нарығында болған құбылмалы жағдайды түсіндірді.
"Қыркүйекте нарық өте құбылмалы болды. Коронавирустың екінші рет қайталануы Еуропаның бірқатар елдерінде және Ұлыбританияда байқалып отыр, бұл әлемдік нарықтағы ахуалға әсер етеді. Аустралияның, Канаданың, Еуроаймақтың, Англияның, АҚШ-тың, Ресей мен Қытайдың орталық банктері негізгі мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтады, бұл талдаушылардың күткеніндей болды", деді ол.
Дамушы елдердің валютасы бір айда төмендеді: түрік лирасының құлдырауы 5,2%, Ресей рублінің төмендеуі 4,9%-ды құрады, Мексика, Бразилия және Индонезия валюталары 2,2% - 2,7%-ға төмендеген. "Қыркүйекте Brent маркалы мұнай бағасы 10%-ға төмендеп, маусымдағы деңгейге қайта түскен. Сұранысқа деген ықтимал шектеулер мен ұсыныстың артуы туралы жаңалықтар мұнай бағасына қосымша қысым көрсетті. Ливия тау-кен кәсіпорындары сегіз ай үзілістен кейін мұнай өндіруді қайта бастағанын мәлімдеді. Үндістанда мұнайға сұраныс төмендеді", деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасының орынбасары. Жалпы алғанда, бір айда Қазақстан валютасы 2,8%-ға әлсіреді (420,11 теңгеден 431,82-ге дейін). Әлия Молдабекова не себепті теңгенің әлсіреп, рубльдің нығайғанын түсіндірді. "Рубльді қолдайтын факторлар болды. Үкіметтің валюталық директивасына сәйкес, компанияларға мемлекеттің қатысуымен таза валюталық активтер мөлшерін шектеу тапсырылды, бұл қосымша валюта ұсынысын тудырады. Оған қоса, РФОБ Сбербанк акцияларының пакетін сатудан түскен валюта қалдықтарын сатуға қайта оралды. Жалпы рубль жыл басынан бері долларға қатысты 26,5%-ға әлсіреді, қыркүйектің өзінде 4,9%-ға әлсіреді. Осы кезеңдерде теңге тиісінше 12,3%-ға және 2,8%-ға әлсіреді", дейді Әлия Молдабекова. Теңге бағамы ең алдымен сыртқы және ішкі факторлар негізінде қалыптасады, негізгінен мұнай бағасына тәуелді.
egemen.kz
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар