сенбі, 23 қараша, 2024 12:27

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Таразда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерекше акция өтті

Таразда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерекше акция өтті
ашық дереккөзі
Таразда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ерекше акция өтті
Таразда облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйымдастыруымен «Дәстүрді дәріптейік!» акциясы өтті. Оның аясында офис қызметкерлері облыс орталығында жолаушы тасымалдау қызметімен айналысатын қоғамдық көліктерге ұлттық құндылықтарды дәріптеуге шақыратын көрнекі плакаттар ілді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында қолға алынған «Дәстүр және ғұрып» жобасы шеңберінде ұйымдастырылған шара жастардың санасына ұлттық құндылықтарды сіңіру,  тұрғындар арасында ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүрлерді жаңғыртуды мақсат еткен. Автобустарға ілінген көрнекі ақпарат құралдары  зергерлік бұйымдар, ұлттық киімдер, ұлттық тағам түрлері, салт-дәстүрлер сияқты 4 тақырыпты қамтиды. Шара барысында әр қоғамдық көлікке 4 постерден ілінді. Айта кетерлігі, әр постердің мазмұны өзгесін қайталамайды. Тараз қаласында 42 бағытта 200-ден астам қоғамдық көлік қатынайтынын ескерсек, офис бастамасымен қолға алынған шара барысында ауқымды жұмыстар жүргізілгенін аңғаруға болады. Жобалық офис қызметкерлері алдағы уақытта мұндай көрнекі құралдар облыстың 10 ауданындағы қоғамдық көліктерге де ілінетінін айтады. – Ұлттық бірегейлікті сақтауда қанымызға сіңіп, тұрмысымызға айналған салт-дәстүрдің маңызы жоғары. Рухани құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, сабақтасуы – мәңгілік ел болудың негізгі өзегі. Сондықтан, ұлттық бірегейлікті сақтау жолында дәстүр мен ғұрпымызды, ұлттық асханамыз бен тағамдарымызды жүйелі жаңғырту – ұлттық құндылығымызды сақтаудың бірден-бір жолы, – дейді облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің басшысы Зарина Қуатова. Жалпы, Жамбыл облысында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында бүгінге дейін 13 арнайы жоба іске асырылған. Ал, биыл 4 арнайы жаңа жоба қосылды.  Олар: «Үнем – қоғам қуаты», «Дәстүр және ғұрып», «Еңбек – елдің мұраты» және «Құқықтық мәдениет». Төменде аталған постерлердің бірқатарымен танысуыңызға болады: [gallery columns="4" bgs_gallery_type="slider" ids="6249,6248,6251,6250"]
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар