Қорғас бекетінің 90 млн теңгеге заңсыз сатылған терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды
- авторjambylinfo.kz
- 19 маусым, 2024
- 486
Прокурордың шағымы бойынша «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының багаж терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Дереккөзге сүйенсек, 2018 жылы аумағы «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының 900 м2-ден асатын багаж терминалы 90 млн теңгеге сатылып кеткен.
«Кейіннен 2023 жылы оның астындағы 1,9 га жер учаскесін 500 мың теңгеге уақытша пайдалануға қосымша сатып-алу шарты жасалды. Алайда тараптар мүлікті сату ережелерін сақтамаған, мүлікті бағалау бекітілген стандарттарды өрескел бұза отырып жүргізілген. Оның үстіне жер телімін иеліктен шығару ғимарат сатылған соң 4 жылдан кейін жүзеге асырылған», - деп хабарлады прокуратура.
Осыған байланысты прокурорлар бұл активтерді мемлекет меншігіне қайтару үшін сотқа жүгінді.
Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл арызды қанағаттандырған.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024