Әйелін 11 жыл бойы ұрып-соққан экс-әкім 2 жылға сотталды
- авторҚұралай Сейсенбекқызы
- 19 маусым, 2024
- 745
Атырау облысы, Мақат ауданының экс-әкімі Ринат Ибрагимов бұрынғы әйелі Ақмарал Үмбетқалиеваны 11 жыл бойы ұрып-соққан және балаларын тартып алған, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы «Материалдық немесе өзге де тәуелділікте болған адамға қатысты денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша іс қаралған еді.
Ринат Ибрагимов ұрып-соққанның салдарынан жәбірленуші Ақмарал Үмбетқалиеваның 5-омыртқасы сынып, орташа ауырлықтағы зақым алған. Сот Ринат Ибрагимовтың бұрын сотталмағанын және мінезі оң деп сипатталғанын ескеріп, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды.
«Жәбірленушінің 20 миллион теңге моральдық шығын өндіру туралы азаматтық талап қоюы ішінара қанағаттандырылып, сотталушы 2 миллион теңге моральдық зиянды өтейді», – деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Ұқсас жаңалықтар
«Заң және тәртіп»: Жуалыда прокурорлар жастармен кездесу өткізді
- авторjambylinfo.kz
- 20 желтоқсан, 2024
Енді мұғалімдерді балағаттағандар қомақты айыппұл арқалайды
- авторjambylinfo.kz
- 18 желтоқсан, 2024