Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Бесағаш ауылдық округі «жамбылдықтардың тұрмыстық табысын жақсарту» пилоттық жобасына енген елді мекен. Бүгінде мұнда жобаның 5 бағыты бойынша 280 өтінімге 1,0 миллиард теңге беріліп, толығымен игерілген, – деп хабарлайды Jambylinfo.
- Жобаның бірінші бағыты үй іргесіндегі жерді игеру бойынша 1117 ауланың 155 гектар жеріне 13,3 миллион теңгеге тұқым мен минералды тыңайтқыштар алынды. 2 жылыжай құрылысына 16,8 миллион теңге қаралды.
Екінші бағыт мал басын арттыру бойынша 276 аула 4760 бас пен құс сатып алып, 860 миллион теңгені толығымен игерді. Округтың тұрғындары осы екінші бағытқа көптеп өтінім берді. Соның нәтижесінде округтың мал шаруашылығы 268 бас сауын сиыр, 360 бұқашық, 1443 бас қой, 1289 бас жылқы және 1400 бас күркетауыққа көбейіп отыр.
Үшінші бағытқа келсек, тұрғындардың ауыл сыртындағы жер үлесін тиімді пайдалану үшін 1335 гектар жерден мал азығын дайындау бағытында 38,8 миллион теңгеге тұқым мен минералды тыңайтқыш алынды.
Төртінші бағыт шеңберінде «Іске Сәт» кооперативі құрылып, 100,1 миллион теңгеге 22 техника қоймаға қойылды.
Бесінші баяғыт аясында бір азаматша кәсіп ашуға ниет білдіріп, ол 1,8 миллион теңгеге кондитерлік цехын іске қосты. Осылайша пилоттық жобаға жан бітіріп, қолдан келгенше өміршеңді болуына үн қосып жатырмыз, - дейді Бесағаш ауылдық округінің әкімі Бейбіт Нығматулаев.
Әкім айтқан «Іске Сәт» кооперативінің қоймасына ат басын бұрып, тынысымен арнайы таныстық. Мұнда бүгінде 3 трактор, 1 комбайн және тіркемелі қосалқы жабдықтар тұр екен.
- Техниканың бәрі жаңа. Әр облыстан алынды. Қазір шаруалар осы техниканың қызығын көріп жатыр.
Күзгі дала жұмыстары бойынша арпа, бидай егуге дайындық үстіндеміз. Одан бөлек Канада мемлекетінен 400 күркетауық жұмыртқасын әкеліп кооператив базасында өсірудеміз. Ет бағытындағы мұндай құстарды алдағы уақытта өзіміз инкубацияласақ деген де жоспарымыз бар.
Негізі шаруалардың дені кооперативке біріксе, өнімі далада қалмай, бос жатқан жерлері де тиімді игерілетінін енді түсініп жатыр. Сондықтан алдағы уақытта кооперативіміз кеңейеді деп күтілуде, - дейді «Іске Сәт» кооперативінің төрағасы Дәурен Жүнісов.
Кооперативтің үлгі болар бір ісі – биыл олар жиын-терін кезінде өздерінен артылған 40 тонна пиязды қара халыққа үйме-үй тегін таратып берген екен. Енді кооператив алдағы жылы пиязды ғана емес картопты да халыққа теңдей үлестіріп, ауылдағы ағайынға қолдау көрсетпек.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз