жексенбі, 29 қыркүйек, 2024 16:21

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді

Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді
ашық дереккөзі
Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының Мойынқұм ауданында  бағыты айқын, – деп хабарлайды Jambylinfo.

Бағдарламаның 1-бағыты бойынша жалпы  53 азаматты оқыту жоспарланса, есепті кезеңде  5 азамат қысқа мерзімдік оқуларын аяқтап, үш жақты келісім нәтижесінде «Синахайдро» ЖШС-не жұмысқа тұрғызылған.

Қалған 47 адам  шаруа қожалықтарының өтінімдеріне сәйкес қажетті мамандықтарға оқытылып, курсын аяқтағанды жұмыспен қамту бойынша  төрт жақты келісімшарт жасалған.

Бағдарламаның 2-бағытына келсек, кәсіпкерлік негіздеріне  129 азаматты оқыту жоспарланса, бүгінгі күнге 318 азаматқа жолдама беріліп, оның 200-і оқуын  аяқтаған.

Сонымен қатар  мал шаруашылық кәсібін кеңейтемін деген 26 азаматқа «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына» жолдама берілсе,  соның ішінде 26 азамат 94,0 миллион  теңге көлемінде несие алған.

Қайтарымсыз грант бойынша 141 адамға 78,1 миллион теңге белгіленсе, қазір барлығының ақшасы есеп шоттарына аударылып, кәсіптерін бастауға мүмкіндік жасалуда.

Шағын несие мен  қайтарымсыз грант алғандар  170 жаңа жұмыс орнын  ашады деп күтілуде.

Бағдарламаның 3-бағыты бойынша 2383 жұмыссыздың  1344-і белсенді шараларға тартылған.

Әлеуметтік жұмыс орындарына биыл  республикалық және жергілікті бюджет арқылы 28,0 миллион  теңге  қаралып, барлығы 155 азаматты жұмысқа тарту жоспарланып отыр.

 Ал 19 жеке кәсіпкер мен  шаруа қожалықтарымен жасалған келісімшарттың арқасында,  211 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жолданған.

Жастар іс-тәжірибесі бойынша 2020 жылы республикалық және жергілікті бюджет арқылы 30,3 миллион  теңге көлемінде қаржы қаралып, алты айлық мерзімдік жұмысқа жыл аяғына дейін барлығы 60 адамды тарту жоспарлануда. Сондай-ақ есептік кезеңде  110 азамат жастар іс-тәжірибесіне жіберілген.

Бұдан бөлек жыл аяғына дейін 800 жұмыссызды уақытша жұмысқа тарту көзделсе,  он айдың қорытындысы бойынша  1029  адам  қоғамдық жұмысқа жолданып,  176,7  миллион  тенге игеріліп отыр.

         «Дипломмен ауылға» бағдарламасына келсек, мұнда да ауылға  ағылған жастардың  қатары қалың. Мәселен биыл тұрғын үй сатып алуға  республикалық бюджеттен 87 864,0 мың теңге, көтерме жәрдемақыға аудандық қазынадан  26 510,0 мың теңге қаралған.

Ағымдағы жылдың 10 айында 20 маманға, оның ішінде білім беру саласының 12 маманына және денсаулық сақтау саласының 8 маманына тұрғын үй сатып алуға жалпы сомасы 78 541,0 мың теңге несие берілген.

Сонымен қатар 61 маманға, оның ішінде білім беру саласының 36 маманына, денсаулық сақтау саласының 15 маманына және агроөнеркәсіптік кешен саласының 5, мәдениет саласының 2 және  әлеуметтік қамсыздандыру саласының 3 маманына жалпы сомасы 16 945,8 мың теңге көтерме жәрдемақы төленген.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар