сенбі, 23 қараша, 2024 2:54

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Өңірлерді дамыту» ауылдарды ауызсумен қамтуда

«Өңірлерді дамыту» ауылдарды ауызсумен қамтуда
ашық дереккөзі
«Өңірлерді дамыту» ауылдарды ауызсумен қамтуда

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Мойынқұм ауданында жалпы құны 426,3 миллион  теңгені құрайтын «Қылышбай ауылындағы ауызсу ғимаратының және су құбыры құрылысының 2-кезеңін салу» жобасына биылғы жылға 302,0 миллион  теңге қарастырылса, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 52 жобаны қаржыландыруға 1387,0 миллион  теңге бөлінген, – деп хабарлайды Jambylinfo.

Бағдарламаның мақсатты түрде орындалуы – ел саясатының дұрыс бағытта жүріп жатқандығының көрінісі. Сондықтан  бұл үлкен жауапкершілікті қажет ететін іс. Аталған бағдарламадағы нысандар бойынша 462 жұмыс орындары ашылса, аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы 236 жұмыссыз жұмыспен қамтылған.

Әлеуметтік қорғау мәселесіне келсек,  биыл біржолғы әлеуметтік көмекке жергілікті бюджеттен барлығы 6450,0 мың теңге бөлініп, мереке күндеріне  81 азаматқа әлеуметтік көмек көрсетілген. Туберкулезбен ауыратын 13 адамға 13,4 миллион теңге беріліп отыр.

Биыл мүмкіндігі шектеулі 229 азаматқа  жеке оңалту бағдарламасы бойынша әлеуметтік қызмет түрлері тағайындалып, жергілікті бюджеттен 42,7 миллион  теңгеге қажетті заттар алынған.

Бұдан бөлек 219 отбасына 56,8 миллион теңгеге  жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға берілетін кепілдендірілген  әлеуметтік пакет ай сайын 258 балаға берілсе, аудан бойынша бұл бағыттағы жұмыстарға  65,3 миллион  теңге бағытталған. Сонымен қатар төтенше жағдай  кезеңінде нысаналы топтар үшін 5567 теңгеден барлығы 2040 адамға 48,1 миллион теңгеге  азық-түлік себеттері жеткізілген.

42500 теңге көлеміндегі көмекке 18495 адам өтінім берсе, оның 6143-і қанағаттандырылған. Бүгінгі таңға 42500 теңгені ала алмаған азаматтардың өтініштері аудандық штабта қайта қаралуда.

Тағы бір айта кетерлігі, әлемдік пандемия кезінде  республикалық бюджеттен  79,5 миллион  теңге бөлініп, жекелеген санаттағы  1873 адамның электр энергиясына  15,0 мың теңгеден төленіп берілді.

«Nur Otan» партиясының «Біз біргеміз» акция аясында болса,   800 аз қамтылған отбасына 50 мың теңгеден үлестірілген.

Ал тұрмыс жағдайы төмен  681  отбасына 17758 дана тұтыну тауарлары мен киім-кешек  таратылған.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар