сәрсенбі, 25 желтоқсан, 2024 18:42

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Әр гектардан 800 центнер өнім алуда

Әр гектардан 800 центнер өнім алуда
ашық дереккөзі
Әр гектардан 800 центнер өнім алуда
Елу гектар қант қызылшасын небәрі төрт күнде жинап алған «Шарипов» шаруа қожалығының мерейі үстем. Алынған өнімде жоғары. Әр гектардан 800 центнерден өнім алуда. Бұл ауданымыз үшін жақсы көрсеткіш. Негізі, мұндай көрсеткішке олардың қол жеткізулері алқапта тамшылатып суару жүйесін қолданған. Ал, жылдам жинап алуы, замануи техниканы пайдалануында болып тұр. Кеше аудан әкімі Сәкен Арубаев, орынбасары Ерлан Қыдыралыұлы, аудан әкімдігі ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қанат Темешбаев, аудандық фермерлер одағының төрағасы Аманалы Құрбановтармен бірге жұмыс сапарымен жолға шыққанбыз. Беталысымыз, «Пионер» өндірістік кооперативінің жерінен жалға алған «Шарипов» шаруа қожалығының 50 гектарлық қызылшалы алқабы. Бардық. Көрдік. Көңіліміз толды. Алқаптың бір шетінде жапырақ кескіш агрегат жүрсе, екінші шетінде жүйектегі тәтті түбірді тікелей көлікке артып бара жатқан шетелдік агрегатта тыным жоқ. Орта тұсында жүрген осындай агрегатта тоқтаусыз кетіп барады. Бар-жоғы жарты сағатта алқаптан қызылша тиелген 5 камаз автокөлігі (бәрі де тіркемесімен) шығып бара жатты. Бұл көрініске көңілі толған аудан басшысы Сәкен Қаланұлы: – Мына агрегаттардың өзге шаруашылықтардан гөрі өзгеше екен. Техникалардың тоқтаусыз жүруі, әп сәтте көлік қорабының қызылшаға толуы, бәрі мені қызықтырып тұр, – деді «Шарипов» шаруа қожалығының төрағасы Абдумалик Шариповке қарап. – Біз бұл техникаларды үш-төрт жылдан бері пайдаланып келеміз. Өте пайдалы техника екен. Негізі, биыл 110 гектарға осы дақылды орналастырдық. Оның бірін өздеріңіз көріп тұрған осы алқап болса, 60 гектарды Айшабибі ауылдық округінің жеріне еккенбіз. Бүгін осындағы алқапты бітсек, «Қызыл диқан» өндірістік кооперативіне көмекке барамыз. Содан соң, Айшабибі ауылын бетке аламыз, – деді. Қазіргі кезде шикізатымызды 12 камаз автокөлігі (тіркемесімен) қант зауытына тасымалдауда Айшабибіге барғанымызда да осы көліктер тартылады. Осы тұста біз төрағаға, келер жылы дақылдардың қандай түрлерін, қайда егуді жоспарлап отырсыздар? – дегенімізде, ол; – Кімде болса алдымен жоспар қояды. Келер жылға жоспарымыз картоп, сәбіз, қант қызылшасын және пияз егу. Бұл тұрғыда айтарым, Шоқай ауылы маңынан және құмтиын елді екені қасынан 450 гектар жерді қарастырып қойдық. Оның 110 гектарына тәтті дақылды егуді көздеп отырмыз. Бұл әрине жоспар ғана. Мүмкін дақыл егетін жер табылса, гектар көлемін мұнанда арттыратын шығармыз. Бәрі бір алланың қолында, – деді Абекең өзінің имандылық жолға бет бұрғанын сездіріп. Абдумалик Шарипов айтқанында тұратын нағыз еңбекқор жан. Оның үәде үдесінен шығатынына жыл сайын көз жеткізіп келеміз. Биылғы өнімі көңіл көншітсе, келер жылдары да табыстың тайқазанын тасыта беретініне сенеміз. Дүйсенбек ОРМАНОВ, «Шұғыла».
Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар