сенбі, 5 қазан, 2024 19:31

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Жамбылда «Жас дарын» жүргізушілер кастингі өтті

Жамбылда «Жас дарын» жүргізушілер кастингі өтті
ашық дереккөзі
Жамбылда «Жас дарын» жүргізушілер кастингі өтті

Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар шығармашығылына қолдау көрсету мақсатында «Жас дарын» кастингі өтті.

Аталмыш іс - шараға 14-29 жас аралығындағы қала жастары қатысты.

@taraz_jastary әлеуметтік Instagram, Facebook  парақшаларында 2020 жылдың 10 қазан күні кастингтің өтілуі туралы хабарландыру жарияланды. Кастингке қатысуға 30 - ға жуық жас өтініш білдірді.

Дарындылық - адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көз жеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітіп, ұштап, дамытуға ұйымдастырушылар бар күшін салды.

Қазылар алқасы үміткерлерді төмендегі критерийлер бойынша бағалады.

  • жүргізушінің шеберлігі
  • дауыс ырғағы
  • киім үлгісі
  • орындау шеберлігі
  • сахна мәдениеті

Біз қоғамда өмір сүреміз, жалғыздықта емес. Сондықтан, біріншіден ел алдында сөз сөйлей білу, өмір сүру үшін қажет. Кез - келген мақсатқа жету үшін ойынды еркін қорғай алу үшін ортада өзін жайлы жақсы әсер қалдырып, адамдарға сөзінді өтімді жеткізу үшін керек өнер.

«Өнер алды – қызыл тіл» - дегендей әділ - қазы алқалары жүргізушілерге ең

керекті дүние сөз саптауына баса назар аударды. Үміткерлердің арасында сөздің басын бір шумақ өлеңмен бастаған ақын жанды, орақ тілді жастар да өздерін сан қырынан көрсете білді.

Қатысушылар арасынан мектеп оқушыларының табылғандығы көз қуантты. Аталмыш іріктеу арқылы оқушылардың болашағына бей - жәй қарамайтындығына, асқақ араманына бір табан жақындай түскеніне куә болдық.

Іріктеуге қатысқан 30 - ға жуық өнерлі жастын ішінен ерекше дараланған 10 қатысушы «Жастар ресурстық орталығы» КММ – нің шығармашылық ұжымымен алдағы уақытта бірге жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болды.

Атап айтар болсақ: ақындығымен дараланған Яшар Алихан, әншілігімен ерекшеленген – Қалдар Мұхасан, өнерімен қатар ұстаздығын да қатар алып жүрген – Ақылбек Темірлан, қос тілді еркін меңгерген – Қосбергенов Берекет сынды қатысушылар оза шапты.

 

Таңшолпан Поштабаева,

Тараз қалалық «Жастар ресурстық орталығы»

ұйымдастыру секторының жастар ісі жөніндегі инспекторы

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар