дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 17:43

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Тоқаевтың сынынан кейін үкімет қосылған құн салығын көтермейтін болды

Тоқаевтың сынынан кейін үкімет қосылған құн салығын көтермейтін болды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Бұған дейін қосылған құн салығын 16 пайызға дейін көтеру жоспарланған еді

Қосылған құн салығының ставкасы көтерілмейді. Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қосылған құн салығының ставкасы, яғни НДС-тың ставкасы көтерілмейді. Бюджет кірістерінің басқа көздерін іздеп табуымыз керек», - деді Бектенов үкімет отырысында.

Қазір елімізде қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12 пайызды құрайды. Бюджетке кірісті молайту үшін үкімет оны 16 пайызға дейін көтеруді жоспарлаған болатын.

Алайда өткен аптада өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев қосылған құн салығын 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру мәселені шешпейтінін мәлімдеді.

Тоқаев Қазақстанда түпкі мәні өзгеріп кеткен қосылған құн салығының өзін реформалау қажет деп санайды. Ал сарапшылардың пікірінше, қосылған құн салығын көтеру көлеңкелі экономиканың үлесін арттырып, инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы ықтимал.

jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар