дүйсенбі, 23 желтоқсан, 2024 22:09

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

Утиль алымнан түскен қаражат қайда жұмсалып жатыр

Утиль алымнан түскен қаражат қайда жұмсалып жатыр
Сурет: primeminister.kz/
Еліміз ДСҰ-ға кіргенге дейін түскен кедендік баж салығы бюджетке түскен

Бірінші вице-премьер Роман Скляр Рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында кәдеге жарату алымын енгізу себептерін түсіндірді. Ол утилизациялық алымнан «Жасыл дамуға» түсетін қаражат ашық түрде мемлекет пен азаматтардың қажеттіліктеріне жұмсалады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

«Қазақстан ДСҰ-ға кіру арқылы өзіне міндеттемелер алып, өз нарығын ашты. Кедендік баж салығы 15%-ды құрады. Дегенмен, көлік шығаратын және кәдеге жарату алымын енгізген Ресей Федерациясымен және Беларусьпен біртұтас экономикалық кеңістікте бола отырып, біз бұдан қалыс қала алмаймыз. Олар утилалымын енгізді, жауап ретінде біз де бұл төлемді енгіздік. Бірақ содан кейін Экологиялық кодексте жеке ӨКМ операторы осы жанама салықтан келетін қаражатты басқаратын норма болды. Жағдайды 2022 жылы түзетті, қазір экология және табиғи ресурстар министрлігінің "Жасыл даму" АҚ атынан мемлекет тікелей бенефициар болып табылады», — деді ол.

Бірінші вице-премьер жанама салық түрінде түсетін қаражат ашық түрде мемлекет пен азаматтардың қажеттіліктеріне жұмсалатынын атап өтті. «Жасыл даму» АҚ мұны жыл сайын өз есептерінде көрсетеді. Сонымен бірге отандық автопаркті жаңарту, қалдықтарды қайта өңдеу саласын қалыптастыру және өз өндірісін дамыту бойынша басқа да міндеттер шешілуде.

Мәселен, 2022 жылы жеңілдетілген автокредит беруге 100 млрд теңге, автобус лизингіне – 30 млрд теңге бағытталды. Тракторлар мен комбайндардың лизингіне 2023 жылы 50 млрд теңге бөлінді.

Сонымен қатар, өңдеу саласын қаржыландыруға 265 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде: 185 млрд – қалдықтарды қайта өңдеу зауыттарын салуға, 50 млрд теңге – ҚР ТЖМ негізгі құралдарын жаңартуға, 15 млрд – автобус лизингіне, 10 млрд – орман мекемелері мен табиғат қорғау ұйымдары үшін өртке қарсы техниканы сатып алуға жұмсалады.

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар