сенбі, 28 қыркүйек, 2024 21:56

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Заңсыз 100 млн теңгеге көмір сатып алған». СҚО әкімдігінің заңсыз сатып алу жүргізгені анықталды

«Заңсыз 100 млн теңгеге көмір сатып алған». СҚО әкімдігінің заңсыз сатып алу жүргізгені анықталды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Сатып алулардың жалпы құны 3,6 млрд теңгені құрайды

СҚО прокуратурасы мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы өрескел бұзған фактілерді анықтады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.

Деректерге сүйенсек, Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды тұлғалары «Мемлекеттік сатып алу» және «ҚР сәулет-қала құрылысы, құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын бұза отырып, сомасы 3,6 млрд. теңгеге жер учаскелеріне құқық белгілейтін құжаттарсыз, құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алулар жүргізген.

Ал, Шал ақын ауданында Экономика және қаржы бөлімі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына қайшы, аула аумақтарын асфальттау бойынша мекенжайы мен жұмыс көлемін көрсетпей сомасы 57,8 млн теңгеге сатып алу жүргізген. Есіл ауданында Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі Заңның 21-бабын бұза отырып, сатып алынатын тауардың маркасын көрсете отырып, 113,8 млн теңге сомасында көмір сатып алуды жүзеге асырған.

"Қадағалау органының наразылығына байланысты жоғарыда аталған сатып алулар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғаларды заңда белгіленген жауапкершілікке тарту шаралары жүргізілуде. Жалпы жыл басынан бері прокурорлар бұл салада 20 мемлекеттік сатып алуды бұзып, нәтижесінде 7,1 млрд теңге бюджет қаражатының жұмсалуына жол бермеді. Жіберілген бұзушылықтар үшін 29 лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 7-і мемлекеттік қызметтің беделін түсіргені үшін, 4-і жұмыстан босатылды және 3-і толық сәйкес еместігі туралы ескертілді",- деп хабарлайды прокуратура.

Бөлісу:
Мағжан Орынбасар
Автор

Мағжан Орынбасар

jambylinfo.kz сайтының авторы

Ұқсас жаңалықтар