бейсенбі, 26 желтоқсан, 2024 20:26

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

«Жұмысшылар салыққа артық төленген қаржыны қайтаруға бола ма?»

«Жұмысшылар салыққа артық төленген қаржыны қайтаруға бола ма?»
ашық дереккөзі
«Жұмысшылар салыққа артық төленген қаржыны қайтаруға бола ма?»

Кейінгі кездері заңды жетік білмегендіктен басқаға «жем» болып жүрген жандардың аянышты тағдырын жиі кездестіретін болдық. Сондықтан жұртшылықтың құқықтық сауатын арттыруға, күрделі мәселесінің оң шешімін табуына аз да болсын ықпал ету мақсатында оқырмандар тарапынан түскен сұрақтарға «Қорғау» орталығының облыстағы бас маманы, тәжірибелі заңгер Баян Құрбанова жауап береді. Осы орайда «Жұмысшылар салыққа артық төленген қаржыны қайтаруға бола ма?» деген сауалға жауап іздедік.

Әлеуметтік желіде кейбір есепшілердің жұмысшы жалақысынан ұсталатын табыс салығын дұрыс есептемейтіні жиі-жиі көтеріліп жүр. Әрине, бірқатар еңбеккерлер өз еңбекақыларынан төленген табыс салығының артық ұсталғанын білсе де, бірақ оны қайтару жолдарын анықтай алмай жүргені рас. «Қорғау» орталығының облыстағы филиалының бас маманы, заңгер Баян Құрбанова: – Егер мекеме қызметкері өз жалақысынан артық ұсталған салықты анықтаса, басшылығына арыз жазады. Ал егер жеке кәсіпкерлік субъектісінің жұмысшысы сондай жағдайға тап болса, тұрғылықты қаласындағы мемлекеттік кірістер басқармасына барып, арыз жазады. Азаматтың өтініші бойынша сол жердегі мамандар барлығын тексеру арқылы анықтайды да, қаржыны қолына қайтару жолдарын нақтылап, түсіндіріп беруге міндетті. Дәл осындай жағдаймен зейнетақы қорына артық төленген ақысын анықтаса, «Бірыңғай зейнетақы жинақ қоры» акционерлік қоғамының жергілікті филиалына арыз жазу арқылы анықтатып, артық төленген табысын қайтаруға құқы бар.

Дайындаған Нұрдаулет АСАН

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар