Экономика
Жаңа Салық кодексі: бюджетке 3,5 трлн теңге түсім күтілуде
- авторМағжан Орынбасар
- 27 маусым, 2025
- 250

Бұл туралы Үкімет мәлім етті
Депутаттардың сұрағына жауап бере отырып, Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин бюджетке қосымша түсімдер бойынша күтіліп отырған көрсеткіштерді таныстырды.
Оның айтуынша, қосымша түсімдердің негізгі көздеріне ҚҚС мөлшерлемесін 12%-дан 16%-ға дейін арттыру, банктер үшін корпоративтік табыс салығын 25%-ға дейін ұлғайту, алкоголь, темекі және бензинге акциздердің өсуі, сондай-ақ салық жеңілдіктерінің қысқаруы кіреді.
«Алдын ала есептеулер бойынша жаңа Салық кодексін енгізуден қосымша 3-3,5 трлн теңге күтеміз. Сонымен қатар жалпы экономикалық өсімнен түсетін түсімдер ескеріледі»,— деді Азамат Әмрин. Ол жалып экономиканың өсуіне байланысты түсімдер де ескерілетінін айтты.
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Ұлттық банк теңге бағамының құбылуына түсініктеме берді
- авторАрайлы Жақсылық
- 26 шілде, 2025