Бензинді заңсыз әкету 50%-ға азайды – Қаржылық мониторинг агенттігі
- авторСадуақас Айсұлу
- 27 маусым, 2025
- 283

Қаржылық мониторинг агенттігі шекара маңындағы аумақтардан бензинді заңсыз тасымалдау мәселелеріне арналған кеңес өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиынға ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті, ҚР ҰҚК Шекара қызметі және Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Экспорттық бақылау басқармасының өкілдері қатысты.
Кеңес барысында «Өткізу» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында атқарылған бірлескен жұмыстың нәтижелері талқыланды. Қабылданған шаралар нәтижесінде бензинді заңсыз әкету әрекеттері 50%-ға қысқарғаны атап өтілді.
Іс-шара шеңберінде:
АИ-92 маркалы бензинді шекара асырып әкетудің 534 әрекеті тоқтатылды;
Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды;
Сонымен қатар, отын тасымалдауға бейімделген көліктердің елге қайтып кіруінің 865 әрекеті анықталды.
Кеңес қорытындысы бойынша ведомстволар арасындағы үйлестіруді одан әрі нығайту, сондай-ақ мұнай өнімдерін заңсыз әкетуге қарсы күрес жұмыстарын жүйелі түрде жалғастыру туралы шешім қабылданды.