Жамбылда 246 есірткі қылмысы анықталып, 1000 тоннадан астам қарасора жойылды
- авторСадуақас Айсұлу
- 27 маусым, 2025
- 265

26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай, Тараз қаласындағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта қорытынды іс-шара өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz polisia.kz сілтеме жасап.
Акцияға Жамбыл облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Байжан Байгелді, Тараз қаласы әкімінің орынбасары Нұрсұлтан Исабеков, қоғам қайраткерлері, еріктілер мен қала тұрғындары қатысты.
Іс-шара барысында ПД бастығының орынбасары:
«Біздің жұмысымыз тек есірткі сатушыларды ұстаумен шектелмейді. Ең бастысы — қоғамда, әсіресе жастар арасында есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру. Бұл айлық аяқталды, бірақ күрес жалғасады. Алда — онлайн-ресурстарды бұғаттау, жасөспірімдермен кездесулер сынды жүйелі жұмыстар бар», — деп атап өтті.
Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі — тәркіленген есірткіні өртеу болды. Жыл басынан бері облыста 246 есірткіге қатысты қылмыс тіркеліп, заңсыз айналымнан 1 тонна 883 келі есірткі заты алынған. Сонымен қатар 1097 тоннадан астам жабайы қарасора жойылған.
Акция аясында кинологтар иттермен есірткі іздеуді көрсетіп, арнайы бөлімшелер көрнекі жаттығулар ұйымдастырды. Шара концерттік бағдарламамен аяқталды.
Доллар қайта қымбаттады
Ұқсас жаңалықтар
Халық МӘМС-ке енгізілген өзгерістермен танысты
- авторБақытжан Бекболат
- 24 шілде, 2025