Жамбылдық кәсіпкерлердің несие төлемі жыл соңына дейін шегерілді
- авторjambylinfo.kz
- 12 қараша, 2020
- 384
Жамбыл облысында 170 шағын және орта бизнес субъектілерінің екінші дәрежелі банктер арқылы несиелендірілген қолданыстағы 306 келісім-шарты бойынша 16 156,8 млн. теңге көлеміндегі несие сомалары 2020 жылдың соңына дейін кейінге шегерілді. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы Аспандияр Сейсебаев ӨКҚ алаңында өткен брифингте айтты. Баяндамашы, болашақта мектептер мен колледждерде азаматтардың кәсіпкерлік жүргізуге қатысты сауатын арттыру үшін «Кәсіпкерлік негіздері» пәні оқытылатынын жеткізді. Аталған салада азаматтардың сауатының аздығы саланы дамытуда шешілуі қажет басты мәселе болып отыр. Осылай деген Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының басшысы кәсіпкерлік саласының кейінгі жылдардағы көрсеткіштеріне тоқталды. Айта кетейік, Жамбыл облысында соңғы 10 жылда шағын және орта кәсіпкерліктен өндірілген өнім көлемі 520,4 млрд.теңгені құраған. Осыдан он жыл бұрын бұл көрсеткіш 3 есеге төмен яғни 167,3 млрд.теңге болатын. Спикердің сөзінше, соңғы 10 жылда белсенді шағын және орта кәсіпкерлер саны облысымызда 37,1 мыңнан 69,9 мыңға жетіп, екі есеге жуық өскен. Ал, осы саладағы жұмыспен қамтылғандар саны 127,4 мың адамға жеткен. Былтыр өңіріміздің жергілікті ішкі өнім көлемінде шағын және орта кәсіпкерліктің үлесі 20,9 пайызды құрады. -«Қазақстанды озық дамыған 30 елдің қатарына енгізу -стратегиялық мақсат. Оны жүзеге асыру үшін республикалық жергілікті ішкі өнімде шағын орта бизнес үлесін 50%-ға дейін ұлғайту керекпіз. Сондықтан кәсіпкерлердің жұмысына қолдау көрсетуді одан әрі дамыта беретін боламыз» – деді спикер.
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
ҚАЖ қызметкерлері дәріс тыңдады
Ұқсас жаңалықтар
Нарықта доллар, еуро мен рубльдің бағамы қандай болып тұр
- авторМағжан Орынбасар
- 20 желтоқсан, 2024