жексенбі, 29 желтоқсан, 2024 23:19

Jambylinfo.kz - Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз.

Байланыс

ҚАЖ қызметкерлері дәріс тыңдады

ҚАЖ қызметкерлері дәріс тыңдады
ашық дереккөзі
ҚАЖ қызметкерлері дәріс тыңдады

Ең өзекті әрі тым нәзік сала – дін екені белгілі. Бүгінде діннің атын жамылып өзінің жымысқы ойын жүзеге асырушылардың да қатары көбейгені жасырын емес. Алайда, мемлекет тарапынан жат ағымдардың жолын кесу бағытында жан-жақты жұмыстар жүйелі жүргізілуде.

Жуырда өңірлік ҚАЖ және ҰҚК департаменттерінің қызметкерлерінің қатысуымен Алматы облысы ҰҚК Академиясының аға оқытушысы, психолог Лола Шакимовамен кездесу ұйымдастырылды. Облыстық ҰҚК департаментінің базасында өткен кездесу барысында қатысушылар «Экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстары үшін сотталғандармен жұмыс істеу», «Пенитенциарлық мекемелерде зорлық-зомбылық тудыратын радикалданудың алдын алу бойынша жұмыс» тақырыбында дәрістер тыңдады.

Аталған кездесу барысында өңірлік ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары әділет полковнигі Бекболат Ескеев түзеу мекемелеріндегі деструктивті діни ағымдардың ықпалындағы азаматтарды қоғамға бейімдеу бағытындағы жұмыстар ҚР ҚДМ ұсынған критерийлерге сай жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Айта кетейік, аталған басқосуға облыстық төтенше жағдай мекемелерінің және өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты түзеу мекемелерінің теологиялық және оңалту жұмысының инспекторлары, сотталғандар арасындағы тәрбие және әлеуметтік – психологиялық жұмыс бөлімінің психологтары, сондай-ақ дін істері басқармасының қызметкерлері арнайы қатысты.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі

Бөлісу:
jambylinfo.kz
Автор

jambylinfo.kz

Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз

Ұқсас жаңалықтар