Экономика
Жыл басынан бері мүгедектікке байланысты қазақстандықтарға 242 млрд теңге төленді
- авторjambylinfo.kz
- 18 қараша, 2020
- 272
Жыл басынан бері мүгедектікке байланысты қазақстандықтарға 242 млрд теңге төленді
Қазақстандықтарға мүгедектікке байланысты және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар түрінде 300 млрд теңгеден астам қаражат төленді.
Бұл туралы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 2020 жылғы қаңтар-қазан аралығында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 242 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 61 млрд теңге бөлінді.2020 жылғы қазан айында республикалық бюджеттен мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеуге 23,6 млрд теңге, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы төлеуге 6,2 млрд теңге бағытталды. 2020 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мүгедектікке байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылардың саны 518,8 мың адамды, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы алушылар саны 145,7 мың адамды құрайды, - делінген таратылған ақпаратта.Мүгедектік және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері мүгедектіктің тобы мен себебіне, қайтыс болған (қаза тапқан) асыраушының асырауында болған адамдардың санына, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты болады. 2020 жылғы 1 қарашаға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 45 507 теңгені, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының орташа мөлшері – 42 614 теңгені құрады. baq.kz
Автор
jambylinfo.kz
Jambylinfo.kz- Әлемдегі және еліміздегі соңғы жаңалықтар. Түрлі мәселелерден біздің ақпарат агенттігі арқылы хабарда болыңыз
Ұқсас жаңалықтар
Экономика
Ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 — 527 теңгеден саудаланып жатыр
- авторМағжан Орынбасар
- 17 желтоқсан, 2024